https://sputnik.kz/20220330/bank-qaryz-alayaqtar-23849008.html
Банктерге 25 млн теңге қарыз екенін білмеген: депутат кредиттік алаяқтар туралы айтты
Банктерге 25 млн теңге қарыз екенін білмеген: депутат кредиттік алаяқтар туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Елде біреудің атынан хабарсыз бірнеше кредит алатын алаяқтар көбейіп кеткен 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T15:40+0500
2022-03-30T15:40+0500
2022-03-30T15:40+0500
қоғам
кредит
алаяқ
депутат
https://sputnik.kz/img/618/93/6189309_0:67:2016:1201_1920x0_80_0_0_e6f1ee6215857cc9bb4615b4b8011316.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Юрий Ли Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен кредит беру саласында тәртіп орнатуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, елде біреудің атынан хабарсыз бірнеше кредит алатын алаяқтар көбейіп кеткен. Мәселен, Қызылорда тұрғыны Махамбетовтің атына бейтаныс адамдар жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асатын 14 кредит рәсімдеген. "Банк ЦентрКредит" пен "Банк Хоумкредит" 20 қазанда 1 миллион 40 мың теңге кредит берген. Ертесіне тағы үш несие: екеуі Jusan Bank-те 2,2 млн теңге, ал біреуі "Еуразиялық банкте" 1,1 млн теңге рәсімделді. 2021 жылы 22-25 қазан күндері "Халық банк" 2,5 млн теңге несие мақұлдаса, Forte bank 2 млн 252 мың теңге берген. Кредит оқиғасы мұнымен аяқталған жоқ. 2021 жылы 11 қарашада "Банк ЦентрКредит" Махамбетовтің атына 8 млн 875 мың теңгеге кепілді кредит рәсімдеді. Ал келесі күні "ВТБ банк" тағы 5 млн теңге несие мақұлдаған. Бұдан бөлек, 22-26 қараша аралығында микроқаржы ұйымдары 2 млн 354 мың теңге қарыз берген. Депутаттың айтуынша, жәбірленуші бірнеше рет агенттікте шағымданған. Бірақ агенттік өкілдері Махамбетовке кредит тарихын сот тәртібінде түзетуге, сондай-ақ қазақстандық Финтех қауымдастығына арыздануға кеңес беріпті. Юрий Ли мұндай жағдайлар, өкінішке қарай, жиілеп кеткенін айтты. Осыған байланысты депутат бейінді мемлекеттік органдардан кредиттік бюродағы ақпараттың қаншалықты өзекті және шынайы екенін сұрады. Өйткені, айтуынша, бір күн ішінде қарыз алушының атына бірден үш кредит рәсімдеуге болады. Ал оның несиені төлеуге жалақысы да жетпейді. Депутат қаржы реттеушісі мұндай жүйелі қателіктерге неге жол береді және қандай лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады деген сұраққа жауап беруді талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/618/93/6189309_164:0:1853:1267_1920x0_80_0_0_680fce835efc098e165763fc1a6929f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, алаяқ, депутат
Банктерге 25 млн теңге қарыз екенін білмеген: депутат кредиттік алаяқтар туралы айтты
Елде біреудің атынан хабарсыз бірнеше кредит алатын алаяқтар көбейіп кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты Юрий Ли Бас прокуратура мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен кредит беру саласында тәртіп орнатуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, елде біреудің атынан хабарсыз бірнеше кредит алатын алаяқтар көбейіп кеткен.
Мәселен, Қызылорда тұрғыны Махамбетовтің атына бейтаныс адамдар жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асатын 14 кредит рәсімдеген.
"Қаскөйлер кредиттерді 2021 жылғы 20 қазан мен 26 қараша аралығында алған. Бір қызығы, кредиттік ұйымдар бір күнде бірнеше кредитті мақұлдаған", - дейді Юрий Ли.
"Банк ЦентрКредит" пен "Банк Хоумкредит" 20 қазанда 1 миллион 40 мың теңге кредит берген. Ертесіне тағы үш несие: екеуі Jusan Bank-те 2,2 млн теңге, ал біреуі "Еуразиялық банкте" 1,1 млн теңге рәсімделді.
2021 жылы 22-25 қазан күндері "Халық банк" 2,5 млн теңге несие мақұлдаса, Forte bank 2 млн 252 мың теңге берген.
Кредит оқиғасы мұнымен аяқталған жоқ. 2021 жылы 11 қарашада "Банк ЦентрКредит" Махамбетовтің атына 8 млн 875 мың теңгеге кепілді кредит рәсімдеді. Ал келесі күні "ВТБ банк" тағы 5 млн теңге несие мақұлдаған.
Бұдан бөлек, 22-26 қараша аралығында микроқаржы ұйымдары 2 млн 354 мың теңге қарыз берген.
Депутаттың айтуынша, жәбірленуші бірнеше рет агенттікте шағымданған. Бірақ агенттік өкілдері Махамбетовке кредит тарихын сот тәртібінде түзетуге, сондай-ақ қазақстандық Финтех қауымдастығына арыздануға кеңес беріпті.
Юрий Ли мұндай жағдайлар, өкінішке қарай, жиілеп кеткенін айтты.
Осыған байланысты депутат бейінді мемлекеттік органдардан кредиттік бюродағы ақпараттың қаншалықты өзекті және шынайы екенін сұрады.
Өйткені, айтуынша, бір күн ішінде қарыз алушының атына бірден үш кредит рәсімдеуге болады. Ал оның несиені төлеуге жалақысы да жетпейді.
Депутат қаржы реттеушісі мұндай жүйелі қателіктерге неге жол береді және қандай лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады деген сұраққа жауап беруді талап етті.