https://sputnik.kz/20220330/ayelderdi-qoldau-ortalygy-komek-ministrlik-23841956.html
Әйелдерді қолдау орталығы қандай көмек көрсетеді – министрлік түсіндірді
Әйелдерді қолдау орталығы қандай көмек көрсетеді – министрлік түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Орталықтар қысқа мерзімде оқытып, психологиялық тұрғыдан және құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі, жұмысқа орналастырады 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T12:21+0500
2022-03-30T12:21+0500
2023-08-09T10:12+0500
көпбалалы отбасы
әйел
https://sputnik.kz/img/551/57/5515790_0:91:2016:1225_1920x0_80_0_0_c8b8c45e2958c01be2a84ea651c3bf5b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов әйелдерді қолдау орталықтарының негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Біз көпбалалы отбасылар мен мүгедек баланы тәрбилеп отырған отбасылар үшін әйелдерді қолдау орталықтарын құруды жоспарлап отырмыз. Ондай орталықтар бірнеше қалада бар. Енді барлық өңірде ашылады. Жыл сайын осы орталықтарда 20 мыңнан астам әйел кеңес пен көмек алады", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Орталықтардың негізгі міндеті:"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықта тігін цехы бар. Соның өнімдері сатуға шығарылды", - деп атап өтті Біржанов.Сондай-ақ вице-министр жұмыспен қамту саласындағы проакивті формат туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде жастардың көбісі жұмыспен қамту орталығына келмейді, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары туралы білмейді."Биылдан бастап біз толығымен проактивті форматқа көшеміз, яғни жұмыссыз адамдарды өзіміз анықтамаймыз да, SMS-хабарлама жібереміз, онлайн режимде оқудан өтуге немесе қысқа мерзімді курстарға қатысуға ұсыныс жасаймыз. Қоғамдық жұмыстарға тартамыз", - деп толықтырды ол.Алдағы уақытта жұмысқа тұрғанда сынақтан өту талабын заң жүзінде алып тастау жоспарланып отыр. Ол жастардың жұмысқа тұруына септігін тигізуі керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/551/57/5515790_132:0:1885:1315_1920x0_80_0_0_e88cbf6e8c0e7cbea8a84e91c6245c06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көпбалалы отбасы, әйел
Әйелдерді қолдау орталығы қандай көмек көрсетеді – министрлік түсіндірді
12:21 30.03.2022 (жаңартылды: 10:12 09.08.2023) Орталықтар қысқа мерзімде оқытып, психологиялық тұрғыдан және құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі, жұмысқа орналастырады
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов әйелдерді қолдау орталықтарының негізгі міндетін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз көпбалалы отбасылар мен мүгедек баланы тәрбилеп отырған отбасылар үшін әйелдерді қолдау орталықтарын құруды жоспарлап отырмыз. Ондай орталықтар бірнеше қалада бар. Енді барлық өңірде ашылады. Жыл сайын осы орталықтарда 20 мыңнан астам әйел кеңес пен көмек алады", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Орталықтардың негізгі міндеті:
құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдесу;
өнімдерін сатуға көмектесу.
"Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықта тігін цехы бар. Соның өнімдері сатуға шығарылды", - деп атап өтті Біржанов.
Сондай-ақ вице-министр жұмыспен қамту саласындағы проакивті формат туралы айтып берді. Оның айтуынша, бүгінде жастардың көбісі жұмыспен қамту орталығына келмейді, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстары туралы білмейді.
"Осыған байланысты біз жұмыссыз адамдарды анықтайтын жүйені енгізіп жатырмыз. Оларға қатысты қызметтің проактивті форматы қолға алынады. Бұған дейін жұмыспен қамту орталықтары тек келген және тіркелген адамдарға ғана жұмыс іздеуге көмектескен", - деді Біржанов.
"Биылдан бастап біз толығымен проактивті форматқа көшеміз, яғни жұмыссыз адамдарды өзіміз анықтамаймыз да, SMS-хабарлама жібереміз, онлайн режимде оқудан өтуге немесе қысқа мерзімді курстарға қатысуға ұсыныс жасаймыз. Қоғамдық жұмыстарға тартамыз", - деп толықтырды ол.
Алдағы уақытта жұмысқа тұрғанда сынақтан өту талабын заң жүзінде алып тастау жоспарланып отыр. Ол жастардың жұмысқа тұруына септігін тигізуі керек.