Ауа райына байланысты пойыздар да кешігіп жатыр

© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Республикада 30 наурыз сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 12-ге жуық жолаушылар пойызы өңірлердегі ауа райына байланысты уақытынан кешігіп келе жатыр, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Желіде Нұр-Сұлтан вокзалында түсірілген видео тарап жатыр. Ол жерде адамдар күту залында отыр.
"Ауа райына байланысты кешігіп жатыр. Ауа райы тұрақтанғаннан кейін кесте бойынша қатынайды", - деп түсіндірді ҚТЖ.
Жолаушылар пойыздардың келу кестесін 1433 нөміріне хабарласып біле алады.
"Шамамен 100 бағыт бойынша ақпаратты анықтама нөмірі арқылы білуге болады, сондай-ақ Darmen қосымшасы арқылы бақылауға мүмкіндік бар. Ол жерде пойыздардың келу және кету кестесі көрсетілген", - деді ҚТЖ.
Айта кетері, бұған дейін Нұр-Сұлтан әуежайында әуе рейстері тоқтатылғаны және кей рейстің кешігіп жатқаны хабарланды.
Республиканың көптеген аймағында дабылды ескерту жарияланды. Құтқару бөлімшелері сағат 11-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды құтқарып, эвакуациялады, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел бар.
Табло в аэропорту Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Нұр-Сұлтанда әуе рейстері тоқтатылып жатыр
Жаңалықтар
0