Өңірлер

Қатты ашулымын: Ақтау әкімі пластик гүлдерді дайындаған фирма туралы айтты

© "Актау-Лада" Актау, пластик гүлдер
 Актау, пластик гүлдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Бұл фирмамен арадағы келісімшартты бұзу қалалық бюджеттегі 160 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Ақтау әкімдігі дау болған пластик қызғалдақтар мен бекіре мүсінін дайындаған компаниямен арадағы келісімшартты бұзды.
Protenge паблигіне сілтеме жасап ақпарат таратқан "Ақтау-Лада" порталының жазуынша, компания 300 миллион теңгеге (644 мың доллар) Ақтауды "ерекше мерекелік атмосферамен" қамтамасыз етуі керек болған.
Ақтау әкімдігі 28 наурызда компаниямен арадағы мәмілені бұзды. 140 млн теңге (301 мың доллар) көлеміндегі қаражат орындалған жұмыстар үшін төленіп қойған. Тағы 160 миллион теңге (343 мың доллар) бюджетте қалады.
Өткен жылдың күзінде ақтаулықтар "Ынтымақ" алаңында 15 миллион теңгеге (32 мың доллар) 200 шаршы метр аумақта орнатылған пластик қызғалдақтарға қатысты наразылық білдірді.
Жасанды гүлдерге бөлінген қаражат жаңа салынған үйлердегі бір бөлмелі пәтер бағасына тең болды.
Біраз бұрын Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай мердігер жұмысына көңілі толмайтынын айтып, олармен келісімшартты бұзуға уәде етті.
"Шынымды айтсам, менің беделімді олар секілді ешкім бұзған емес. Біз де адамбыз. Өте қапалымын. Тіпті қатты ашулымын", - деді Ақтау әкімі.
Дәл осы ЖШС жағалаудағы бекіре мүсінін орнатумен айналысқан. Бірақ әкімдік бұл мүсін меценат қаражатына орнатылғанын айтты.
Жаңалықтар
0