https://sputnik.kz/20220330/almatyda-atys-qaruy-23852237.html
Алматыда атыс қаруы сақталған бірнеше орын анықталды
Алматыда атыс қаруы сақталған бірнеше орын анықталды
Sputnik Қазақстан
Тәркіленген арсенал сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрінің қайдан шыққаны анықталады 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T17:11+0500
2022-03-30T17:11+0500
2022-03-30T17:11+0500
қоғам
алматы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22818811_0:59:2049:1211_1920x0_80_0_0_d79c277a8742b99c9b19bdad52563fe9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен атыс қарулары тәркіленді. Полиция Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаментінің қолдауымен операция өткізді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті. Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады. "Жедел және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу барысында олардың Алматы облысында қару-жараққа арналған бірнеше жасырын орын ұйымдастырғаны анықталды. Нәтижесінде, бұл құпия орындардан 2 "Калашников" автоматы (АКС), "Макаров" және "ТТ" жүйесінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық ойық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 аңшылық келте мылтық, 53 аңшылыққа арналған қару, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі қаруға арналған 200-ден астам оқ-дәрі анықталды және тәркіленді", - деді Алматы ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 соғыс және жарық-шулы граната, 4 пышақ, 2 жылжымалы радиостанция, сондай-ақ оптикалық көздеу құралы, броньдалған көкірекше, шоқпар сынды түрлі арнайы жабдық тәркіленді. Әбілбековтың айтуынша, соңғы құпия орын кеше анықталған. Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактісі бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәркіленген арсенал сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрінің қайдан шыққаны анықталады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22818811_0:0:2049:1537_1920x0_80_0_0_fee90665a374c9406b65d020775ceffb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, қару-жарақ
Алматыда атыс қаруы сақталған бірнеше орын анықталды
Тәркіленген арсенал сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрінің қайдан шыққаны анықталады
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесінен атыс қарулары тәркіленді.
Полиция Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы департаментінің қолдауымен операция өткізді, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталғанын хабарлады.
"Жедел және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу барысында олардың Алматы облысында қару-жараққа арналған бірнеше жасырын орын ұйымдастырғаны анықталды. Нәтижесінде, бұл құпия орындардан 2 "Калашников" автоматы (АКС), "Макаров" және "ТТ" жүйесінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық ойық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 аңшылық келте мылтық, 53 аңшылыққа арналған қару, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі қаруға арналған 200-ден астам оқ-дәрі анықталды және тәркіленді", - деді Алматы ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 соғыс және жарық-шулы граната, 4 пышақ, 2 жылжымалы радиостанция, сондай-ақ оптикалық көздеу құралы, броньдалған көкірекше, шоқпар сынды түрлі арнайы жабдық тәркіленді.
Әбілбековтың айтуынша, соңғы құпия орын кеше анықталған.
Қару-жарақ пен оқ-дәріні заңсыз сақтау фактісі бойынша Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлімінің нормаларына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тәркіленген арсенал сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша қару-жарақ пен оқ-дәрінің қайдан шыққаны анықталады.