https://sputnik.kz/20220330/almaty-ramazan-ayy-23848554.html
Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға дастархан жайылады
Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға дастархан жайылады
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T15:27+0500
2022-03-30T15:27+0500
2023-08-09T09:54+0500
қоғам
рамазан айы
https://sputnik.kz/img/1384/84/13848476_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_80cdcd14b71ca13aba09f7851344f152.jpg
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді. Соған сәйкес, қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады. Төлеби Оспанның айтуынша, Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйіншілеу мақсатында "Қош келдің, Рамазан!" айдарымен қала көшелерінде 100 000 дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар мен блогерлер жұмылдырылады. Сондай-ақ "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады. Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін қала мешіттерінде "Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы" деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өткізіледі. Биыл рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/84/13848476_223:0:2000:1333_1920x0_80_0_0_c585ff8935c5ba747b37bc7a1da840d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рамазан айы
Алматыда Рамазан айында күн сайын 500 адамға дастархан жайылады
15:27 30.03.2022 (жаңартылды: 09:54 09.08.2023) Сондай-ақ "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматы мешіттерінде қасиетті Рамазан айын атап өту үшін арнайы жоспар бекітілді.
Соған сәйкес, қаладағы 52 мешіттің 47-сінде тарауих намазында құран хатым түсіріледі. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қалған 5 мешітте тарауих намазы құран хатымсыз оқылады.
"Рамазан – құран айы. Сол себепті осы айда қала мешіттерінде құран әліппесі мен намаз үйрету курстары жүргізіледі. Сондай-ақ Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылады. Сондай-ақ, қала мешіттерінде де ауызашар беріледі", - деді қаланың бас имамы.
Төлеби Оспанның айтуынша, Оразаның алғашқы күні жұртшылыққа ораза айының келгенін сүйіншілеу мақсатында "Қош келдің, Рамазан!" айдарымен қала көшелерінде 100 000 дана су мен құрма таратылады. Бұл шараға имамдар бастаған жастар мен блогерлер жұмылдырылады.
Сондай-ақ "Жақыныңа сыйлық сыйла" және "Жарапазан" эстафеталары ұйымдастырылады.
Оразаның алғашқы күні жұма намазынан кейін қала мешіттерінде "Оразаға қатысты сауалдарға жауап беру алаңы" деген атпен жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру шарасы өткізіледі.
Биыл рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.
27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді.