https://sputnik.kz/20220330/almaty-oblysy-dauyl-23850510.html
Алматы облысының тұрғыны дауыл кезінде шатырдан құлап кетті
Алматы облысының тұрғыны дауыл кезінде шатырдан құлап кетті
Sputnik Қазақстан
Қазір ол Есік қаласы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T16:21+0500
2022-03-30T16:21+0500
2022-03-30T16:23+0500
өңірлер
алматы облысы
дауыл
https://sputnik.kz/img/205/92/2059265_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_52b1227d115ee881c152a2647844e292.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында дауыл кезінде үш адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Қазір науқас медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Зардап шеккендер түрлі жарақат алған.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде 60-тан астам үйдің шатыры ұшып кеткен. 10 көпқабатты үй, 20 білім беру нысаны, 2 сауды орталығы, 5 өндірістік ғимарат, 11 жеке тұрғын үй, 1 діни ғимарат, 2 техникалық қызме көрсету орталығы зардап шекті. Сонымен қатар 27 ағаш пен 7 жарнама баннері құлап, бірнеше көлікті зақымдады.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/205/92/2059265_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_a8c8ba7042a291676dcef4971a7a0056.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, дауыл
Алматы облысының тұрғыны дауыл кезінде шатырдан құлап кетті
16:21 30.03.2022 (жаңартылды: 16:23 30.03.2022) Қазір ол Есік қаласы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Алматы облысында дауыл кезінде үш адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр.
Қазір науқас медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Зардап шеккендер түрлі жарақат алған.
"Талдықорған облысының ауруханасына 1991 және 1968 жылғы екі зардап шеккен адам жүгінді. Олар түрлі жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін зардап шеккен екі адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны шатырдан құлап жарақат алды. Қазір ол Есік қаласы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Науқас есін біледі, жағдайы тұрақты ауыр", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде 60-тан астам үйдің шатыры ұшып кеткен. 10 көпқабатты үй, 20 білім беру нысаны, 2 сауды орталығы, 5 өндірістік ғимарат, 11 жеке тұрғын үй, 1 діни ғимарат, 2 техникалық қызме көрсету орталығы зардап шекті.
Сонымен қатар 27 ағаш пен 7 жарнама баннері құлап, бірнеше көлікті зақымдады.