https://sputnik.kz/20220329/zhazgy-mektep-kimder-barady-23818269.html
Биыл жазғы мектептерге кімдер барады
Биыл жазғы мектептерге кімдер барады
Sputnik Қазақстан
Оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T14:53+0500
2022-03-29T14:53+0500
2022-03-29T15:38+0500
білім
мектеп
оқушы
жаз
https://sputnik.kz/img/710/68/7106850_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_72b3d2b7eebdb1efcc77ae743e3c472a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтуынша, биыл жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жұмыс істейді. Негізгі мақсат - пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру. Мектеп директоры алдымен жазғы мектептің жұмыс істеуі туралы бұйрық шығарады. Одан кейін сабақтардың икемді кестесі жасалады. Жазғы мектеп тегін жұмыс істейді. Жазғы мектеп бағдарламасына алшақтықты жою пәндері бойынша оқу сабақтарынан басқа жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстардың кең ауқымы, дәрістер, семинарлар, шығармашылық студиялар, спорттық-шығармашылық іс-шаралар мен экскурсиялар, ашық ауада іс-шаралар кіреді. Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру кезінде мұғалімдер ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктемесі аясында 17 маусымға дейін жұмыс істейді. Содан кейін 56 күндік демалыс беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/710/68/7106850_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_431707d570fc0806761a342e58b6b9f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, жаз
Биыл жазғы мектептерге кімдер барады
14:53 29.03.2022 (жаңартылды: 15:38 29.03.2022) Оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова айтуынша, биыл жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жұмыс істейді. Негізгі мақсат - пандемия салдарынан білім саласында туындаған олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру.
"Жазғы мектепке 1-8 және 10 сынып оқушылары қатысады. Ал 9 бен 11 сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады. Оқу процесі мектептің бекітілген жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Мектеп директоры алдымен жазғы мектептің жұмыс істеуі туралы бұйрық шығарады. Одан кейін сабақтардың икемді кестесі жасалады. Жазғы мектеп тегін жұмыс істейді.
Жазғы мектеп бағдарламасына алшақтықты жою пәндері бойынша оқу сабақтарынан басқа жобалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары, зертханалық жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстардың кең ауқымы, дәрістер, семинарлар, шығармашылық студиялар, спорттық-шығармашылық іс-шаралар мен экскурсиялар, ашық ауада іс-шаралар кіреді.
Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру кезінде мұғалімдер ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктемесі аясында 17 маусымға дейін жұмыс істейді. Содан кейін 56 күндік демалыс беріледі.