https://sputnik.kz/20220329/zhambyl-oblysy-zhasospirim-poyyz-23805793.html
Жамбыл облысында жасөспірімді пойыз басып кетті
Жамбыл облысында жасөспірімді пойыз басып кетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Теміржолда 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға Жамбыл облысында болды. 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T09:28+0500
2022-03-29T09:28+0500
2022-03-29T09:28+0500
жүк пойызы
https://sputnik.kz/img/657/16/6571621_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_ae39793ace38ef599bb916f38af11d00.jpg
АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Теміржолда 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға Жамбыл облысында болды.Жасөспірім жолдардың ортасымен жүрген, оны жүк пойызы іліп әкеткен. Дәрігерлер оқушының өмірі үшін төрт сағат бойы күресті. Алайда ол алған жарақатынан көз жұмды, деп жазды КТК.Қайғылы жағдай Боранды стансасының маңында болған.Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің қолында бір құшақ отын болған, содан кейін оны пойыз іліп кетіп, вагонның астына құлаған. Машинист сигнал беріп, тіпті пойызды тоқтатпақ болған.БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде жасөспірім құлаққап тағып жүрген. Оқушы көпбалалы отбасыда өскен, күн сайын рельстер арасынан өтіп, үйді жылыту үшін отын жинаған.Айта кетері, өткен демалыс күндері Таразда 12 жастағы бала көз жұмды. Ол ағаш құлаған кезде анасымен бірге аялдамада тұрған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді.Бұл күні қалада дауыл күшейіп, желдің екпіні секундына 28 метрге жетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/657/16/6571621_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_c1c746ae73c031a4f58eb494badcfea8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк пойызы
АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Теміржолда 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға Жамбыл облысында болды.
Жасөспірім жолдардың ортасымен жүрген, оны жүк пойызы іліп әкеткен. Дәрігерлер оқушының өмірі үшін төрт сағат бойы күресті. Алайда ол алған жарақатынан көз жұмды, деп жазды
КТК.Қайғылы жағдай Боранды стансасының маңында болған.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің қолында бір құшақ отын болған, содан кейін оны пойыз іліп кетіп, вагонның астына құлаған. Машинист сигнал беріп, тіпті пойызды тоқтатпақ болған.
БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиға кезінде жасөспірім құлаққап тағып жүрген. Оқушы көпбалалы отбасыда өскен, күн сайын рельстер арасынан өтіп, үйді жылыту үшін отын жинаған.
"44 вагонды тіркеген пойыз машинисі шұғыл тежеу әрекетін қолданды, алайда трагедияның алдын ала алмады. Облыс тұрғындарынан теміржолдан өту ережесін сақтауды және балаларын соған үйретуді сұраймыз", - дейді Боранды бекетіндегі желілік полиция бөлімінің бастығы Шәміл Керімбаев.
Айта кетері, өткен демалыс күндері Таразда 12 жастағы бала көз жұмды. Ол ағаш құлаған кезде анасымен бірге аялдамада тұрған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын тіркеді.
Бұл күні қалада дауыл күшейіп, желдің екпіні секундына 28 метрге жетті.