https://sputnik.kz/20220329/uyymdasqan-qylmystyq-top-23804481.html
Күш құрылымдары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады
Күш құрылымдары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратураменмен бірлесіп, "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін... 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T09:11+0500
2022-03-29T09:11+0500
2022-03-29T09:11+0500
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/972/77/9727789_0:0:1199:674_1920x0_80_0_0_a49fc90b73e9f26b3b7da97664202e9e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратураменмен бірлесіп, "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады. Алматы қаласында және Алматы облысында өткен арнайы операцияға арнайы жасақ бөлімшесі де қатысты.Ұсталғандар бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған."Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде ұсталғандардан екі "Калашников" автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, "Калашников" пневматикалық автоматы, "Ф-1" қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді", - деп хабарлады ІІМ.Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау жұмысы жалғасуда. Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/972/77/9727789_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_f4fdfa186326d75115331ca9009588fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
Күш құрылымдары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратураменмен бірлесіп, "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады. Алматы қаласында және Алматы облысында өткен арнайы операцияға арнайы жасақ бөлімшесі де қатысты.
Ұсталғандар бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде ұсталғандардан екі "Калашников" автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, "Калашников" пневматикалық автоматы, "Ф-1" қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді", - деп хабарлады ІІМ.
Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау жұмысы жалғасуда. Ұсталған адамдарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.