Өңірлер

Үш облыста жолдар жабылды

© Sputnik / Асем МиржекееваҚар тазалау
Қар тазалау - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Мамандар төтенше жағдайда 1403 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Үш облыста ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясы.
Қарағанды облысында бүгін сағат 11.15-ден бастап Жезқазған–Петропавл тасжолының 65-252 шақырымдағы учаскесі – Жезді ауылынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жолда көліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді.
Қостанай облысында сағат 11.30-да Жезқазған–Петропавл тасжолында Қарағанды облысының шекарасынан бастап Арқалық қаласына дейінгі жол учаскесі (252-340 шақырым) жабылды.
Ал Батыс Қазақстан облысында сағат 11.10-нан бастап Орал-Тасқала–Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 76-104 шақырымдағы учаскесі (Тасқала – Ресей шекарасы) бойынша көлік қозғалысы жабық.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы жолдағы жағдайды тәулік бойы бақылайды. Мамандар төтенше жағдайда 1403 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.
Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2020
Өңірлер
"Қардан мысықпен қоса алып шықтық": құтқарушылар екі адамды қалай тапқанын айтты
Жаңалықтар
0