https://sputnik.kz/20220329/tortinshi-oqu-toqsany-qalay-otedi-23817049.html
Төртінші оқу тоқсаны қалай өтеді – министрлік негізгі ерекшелігін атады
Төртінші оқу тоқсаны қалай өтеді – министрлік негізгі ерекшелігін атады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T14:23+0500
2022-03-29T14:23+0500
2023-08-09T12:17+0500
мектеп
оқушы
білім
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/496/64/4966465_0:150:3109:1898_1920x0_80_0_0_a2ac2181e2f9c81c73409a4792896823.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.Бұдан бөлек, қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі."Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы", - деп атап көрсетті ол.Айта кетері, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады. Соңғы тоқсан сегіз аптаға созылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/64/4966465_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_b969bff9629620700f1628af5966e772.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, оқушы, білім және ғылым министрлігі
мектеп, оқушы, білім және ғылым министрлігі
Төртінші оқу тоқсаны қалай өтеді – министрлік негізгі ерекшелігін атады
14:23 29.03.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.
"Алдағы тоқсанның тағы бір ерекшелігі бар. Жақында ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша кабинеттік жүйеге қайта көшу туралы шешім шығарылған болатын. Бұл дегеніміз, бұған дейін оқушылар бір кабинетте отырып, сабақ оқыса, төртінші тоқсанда физиканы физика кабинетінде, математиканы математика кабинетінде, химияны химия кабинетінде оқиды", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі.
"Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы", - деп атап көрсетті ол.
Айта кетері, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады. Соңғы тоқсан сегіз аптаға созылады.