https://sputnik.kz/20220329/suyytylgan-munay-gazy-tekseru-23802667.html
Сұйытылған мұнай газын жеткізушілерге қатысты тергеу аяқталды
Сұйытылған мұнай газын жеткізушілерге қатысты тергеу аяқталды
Sputnik Қазақстан
Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдаланғаны анықталды 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T07:22+0500
2022-03-29T07:22+0500
2023-08-10T16:58+0500
газ
қасым-жомарт тоқаев
тексеріс
тергеу
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_db07703110083a3f68a93e628c7ff244.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Сұйытылған мұнай газын жеткізуші 6 ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырғанын еске салды."Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ)."СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "СП Қазгермұнай" ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді."Petrosun" ЖШС мен "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-на қатысты қылмыстық іс қозғалып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді."Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды.Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1254/38/12543899_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_266053d746a4acfabf7a240990a25c4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, қасым-жомарт тоқаев, тексеріс, тергеу
газ, қасым-жомарт тоқаев, тексеріс, тергеу
Сұйытылған мұнай газын жеткізушілерге қатысты тергеу аяқталды
07:22 29.03.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдаланғаны анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Сұйытылған мұнай газын жеткізуші 6 ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп, бағалық сөз байласу мен өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты тергеу жүргізуді тапсырғанын еске салды.
"Сұйытылған мұнай газын сатушылар үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды", - деп хабарлады Берік Уәли.
"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-не әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ).
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ мен "СП Қазгермұнай" ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді.
"Petrosun" ЖШС мен "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-на қатысты қылмыстық іс қозғалып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.
"Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды.
Нарықтағы 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.