Әлем

Стенин атындағы байқаудың алғашқы қорытындысы: 8 жылда 130 ел қатысты

© Public Domain фотоаппарат
 фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауын "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Андрей Стенин атындағы сегізінші Халықаралық фотожурналистика байқауы жұмыстарды қабылдауды тоқтатып, алғашқы қорытындыны жариялады.
2022 жылы байқауға әлемнің 54 елінен шамамен үш мың жұмыс жолданды. Әсіресе Үндістан, Бангладеш, Қытай, Испания мен Ираннан жолданған суреттер көп.
2022 жылы ресейлік фотографтар да байқаудағы белсенді қатысушылар қатарынан табылды.
"Менің ғаламшарым" номинациясы бойынша өтінімдер саны өте көп болды. Бұл номинацияда әлемнің көпполярлығы мен алуан түрлілігі таныстырылып, оның табиғи ландшафтары, этникалық дәстүр, ұлттық әдет-ғұрып суреттеледі.
Байқау 2014 жылы іске қосылған сәттен бері оған алғаш рет Никарагуа фотожуарналистері қатысты. Ал түрлі жылдары қатысқан елдердің жиынтық саны 130-дан асып түсті. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалайтын қазылар алқасы сәуірде өз жұмысын бастайды. Ал байқау шорт-парағы маусымның ортасында stenincontest.ru (http://stenincontest.ru) сайтында жарияланады.

Байқау туралы

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауын ЮНЕСКО істері жөніндегі Ресей Федерациясы комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырып отыр.
Бұл байқау жаңа фотографтарға қолдау көрсету және заманауи фотожурналистика мәселелеріне қоғам назарын аудару мақсатында қолға алынған. Бұл айналамыздағы адамдар мен оқиғаларға назар аударуымызға ықпал ете алатын дарынды, жаңашыл әрі сезімтал жас фотографтарға арналған алаң болып отыр.
Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы, RT телеарнасы және порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиа холдингі, Telam ақпарат агенттігі, ANA жаңалықтар агенттігі, Shanghai United Media Group (SUMG), China Daily газетінің интернет порталы, The Paper интернет порталы, Al Mayadeen медиа желісі, Этикалық суреттер фестивалі осы байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері атанды.
Жаңалықтар
0