Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте ер адамды өлтіріп кетті

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Жантүршігерлік қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Шымкент тұрғыны тапа-тал түсте ер адамды пышақтап кетті.
Полицияның мәліметінше, қатыгездікпен адам өлтіруге қызғаныш себеп болған, деп хабарлады ОТЫРАР.
Қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 19:17 шамасында көшеде куәгерлердің көзінше болған. Сондай-ақ жантүршігерлік қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жедел жәрдем көлігінің жанында тротуарда жатқан адамның мәйіті бейнеленген видео әлеуметтік желілер арқылы тез тарап кетті. Кадрда екі ер адамның жанжалдасқаны, арты төбелеске ұласып, бірі екіншісін пышақтап кеткенін көруге болады. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнына патрульдік полиция, жедел-тергеу тобы және аудан прокурорлары аттанды.
Шымкент қалалық ІІД хабарлағандай, күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
"Бұл дерек Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнында күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша ауыр қылмыс жасауға қызғаныш сылтау болған", – дейді Шымкент қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.
Жаңалықтар
0