https://sputnik.kz/20220329/qytay-men-europa-arasyndagy-tranzittik-tasymaldar-kolemi-artady-23813927.html
Қазақстан теміржол саласында 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асырып жатыр
Қазақстан теміржол саласында 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда еліміз бойынша өтетін транзиттік жүктердің шамамен 90% теміржол көлігімен тасымалданады 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T12:43+0500
2022-03-29T12:43+0500
2023-08-09T10:10+0500
жүк
https://sputnik.kz/img/251/73/2517328_0:246:2723:1777_1920x0_80_0_0_1480ef5e0f30c962ce136af2a79d3370.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Теміржол саласында іске асырылып жатқан 3 инфрақұрылымдық жоба транзиттік тасымалдар көлемін арттырады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі."Дарбаза-Мақтаарал" жобасы Орта Азия елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға аумағына шығуды қамтамасыз етеді.Үшінші жоба – "Алматы станциясының айналма теміржол желісі". Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30% азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.Осы орайда теміржол көлігі саласында жылжымалы құрамды жаңарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.Атап айтқанда, отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.Бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ биыл "Қазақстан темір жолы" 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/251/73/2517328_0:0:2519:1889_1920x0_80_0_0_891c897b18c19f2dacba8759e22041ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк
Қазақстан теміржол саласында 3 инфрақұрылымдық жобаны іске асырып жатыр
12:43 29.03.2022 (жаңартылды: 10:10 09.08.2023) Бүгінгі таңда еліміз бойынша өтетін транзиттік жүктердің шамамен 90% теміржол көлігімен тасымалданады
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Теміржол саласында іске асырылып жатқан 3 инфрақұрылымдық жоба транзиттік тасымалдар көлемін арттырады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
"Теміржол көлігі саласында 2025 жылға дейін 3 негізгі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Солардың біріншісі – "Достық-Мойынты" жобасы. Оны іске асыру Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар көлемін арттырады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе ұлғайып, тасымал жылдамдығы тәулігіне 1500 шақырымға дейін жетеді", - делінген хабарламада.
"Дарбаза-Мақтаарал" жобасы Орта Азия елдеріне транзиттік қашықтықты қысқартып, қолданыстағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға аумағына шығуды қамтамасыз етеді.
Үшінші жоба – "Алматы станциясының айналма теміржол желісі". Ол Алматы торабына түсетін жүктемені 30% азайтып, жүктерді жеткізу уақытын 24 сағатқа дейін қысқартады.
Осы орайда теміржол көлігі саласында жылжымалы құрамды жаңарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Атап айтқанда, отандық вагон жасауды қолдау мақсатында өз елімізде шығарылған вагондарды сатып алуға кредит бергенде вагон операторлары үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бағдарлама шеңберінде шамамен 3,5 мың фитингтік платформа және 2 мыңнан астам жүк вагоны сатып алынды. Сондай-ақ биыл "Қазақстан темір жолы" 1,5 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр.
Жүк тасымалдарын одан әрі дамыту мақсатында министрлік отандық электровоздар (ALSTOM) мен тепловоздарды (ЛКЗ GE) сатып алғанда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдауды заңнамалық түрде енгізуді ұсынады.