https://sputnik.kz/20220329/qylmysker-korshi-el-23824557.html
Баланың көзінше екі әйелді өлтірген қылмыскер көрші елде ұсталды
Баланың көзінше екі әйелді өлтірген қылмыскер көрші елде ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыскер басқа мемлекетте отбасын құрып үлгерген. Қазақстанға экстрадицияланған ер адам түрмеге қамалды 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T18:22+0500
2022-03-29T18:22+0500
2022-03-29T18:22+0500
қоғам
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында баланың көзінше екі әйелді өлтірген ер адам көрші елде ұсталды. Көкшетау қаласының тұрғыны Зура Ақжанова ішкі істер министріне алғыс хатын жолдады. Ол облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Алмас Ілиясов, қалалық полиция басқармасының тергеушілері Мұқан Ысқақов пен Рауан Мұзаевтың қызметін жоғары бағалап, анасы мен апасының өліміне кінәлі адамды тапқаны үшін ризашылық білдірді. Сол күні қылмыскер мас күйінде үйге баса-көктеп кіріп, 37 және 68 жастағы екі әйелді пышақтап өлтірген. Қаза тапқан әйелдің жас қызы бәрін көріп тұрған. Ал қылмыскер оқиға орнынан қашып кетті. Тергеушілер қылмыстың мән-жайын анықтау үшін біраз тер төкті. Дәлелдерді жинады. Куәгерлерді табу да оңай болмады. Дегенмен, қашып кеткен ер адамның қылмыс жасағаны дәлелденді. Содан оны халықаралық іздеуге жариялаған. Артынан көрші елде ұсталды. Сол жақта қылмыскер отбасын құрып үлгерген. Көкшетаулық тергеушілер прокуратураға қылмыскерді экстрадициялау туралы өтініш түсіріп, оны Қазақстанға қайтарды. Қазіргі кезде ол жазасын алып, түрмеге қамалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыскер
Баланың көзінше екі әйелді өлтірген қылмыскер көрші елде ұсталды
Қылмыскер басқа мемлекетте отбасын құрып үлгерген. Қазақстанға экстрадицияланған ер адам түрмеге қамалды
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында баланың көзінше екі әйелді өлтірген ер адам көрші елде ұсталды.
Көкшетау қаласының тұрғыны Зура Ақжанова ішкі істер министріне алғыс хатын жолдады. Ол облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Алмас Ілиясов, қалалық полиция басқармасының тергеушілері Мұқан Ысқақов пен Рауан Мұзаевтың қызметін жоғары бағалап, анасы мен апасының өліміне кінәлі адамды тапқаны үшін ризашылық білдірді.
Сол күні қылмыскер мас күйінде үйге баса-көктеп кіріп, 37 және 68 жастағы екі әйелді пышақтап өлтірген. Қаза тапқан әйелдің жас қызы бәрін көріп тұрған. Ал қылмыскер оқиға орнынан қашып кетті.
Тергеушілер қылмыстың мән-жайын анықтау үшін біраз тер төкті. Дәлелдерді жинады. Куәгерлерді табу да оңай болмады. Дегенмен, қашып кеткен ер адамның қылмыс жасағаны дәлелденді.
Содан оны халықаралық іздеуге жариялаған. Артынан көрші елде ұсталды. Сол жақта қылмыскер отбасын құрып үлгерген.
Көкшетаулық тергеушілер прокуратураға қылмыскерді экстрадициялау туралы өтініш түсіріп, оны Қазақстанға қайтарды.
Қазіргі кезде ол жазасын алып, түрмеге қамалды.