https://sputnik.kz/20220329/qazaqstan-olim-zhazasy-konstitutsiya-23804140.html
Қазақстан өлім жазасын Конституциядан алып тастайды
Қазақстан өлім жазасын Конституциядан алып тастайды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T08:30+0500
2022-03-29T08:30+0500
2022-03-29T08:30+0500
өлім жазасы
қазақстан
https://sputnik.kz/img/534/61/5346176_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dca885b5ae9557767d5664f8a503e5a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Өлім жазасы Қазақстан Конституциясынан алынып тасталады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет отырысында президенттің 16 наурыздағы жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды.Жоба 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Алтыншы бағыт – Құқық қорғау институттарын күшейту бойынша 9 іс-шара көзделген.Соның аясында азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстанның Конституциялық соты құрылады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері реттеледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.Бұдан бөлек, "Прокуратура туралы" Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.Айта кетері, Қазақстан 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Ал 2021 жылы президент Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы жарлыққа қол қойды.Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда халыққа жолдауында өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/534/61/5346176_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_723fd2f25f7fa89ed8a9e93ed5cf188a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өлім жазасы, қазақстан
Қазақстан өлім жазасын Конституциядан алып тастайды
Қазақстан 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Өлім жазасы Қазақстан Конституциясынан алынып тасталады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында президенттің 16 наурыздағы жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды.
Жоба 10 бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды. Алтыншы бағыт – Құқық қорғау институттарын күшейту бойынша 9 іс-шара көзделген.
Соның аясында азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстанның Конституциялық соты құрылады. Конституцияда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері реттеледі. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы беріледі.
"Сонымен қатар, өлім жазасы Конституциядан алынып тасталады", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Бұдан бөлек, "Прокуратура туралы" Конституциялық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда.
Айта кетері, Қазақстан 2020 жылы өлім жазасына тыйым салуды көздейтін Азаматтық және саяси құқықтар туралы екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Ал 2021 жылы президент Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы жарлыққа қол қойды.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда халыққа жолдауында өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.