Экономика

Қазақстан экспорттық жүктер үшін баламалы бағыттар іздеп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневЖүк тасымалдау
Жүк тасымалдау - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Латвияның теңіз порттары қазақстандық жүктерді қабылдауға келісімін берген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанның экспортқа шығарылатын жүктері қандай бағыттар бойынша тасымалданатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір қазақстандық жүктер үшін ешқандай кедергі жоқ. Жүктеріміз Ресей аумағы арқылы өтіп жатыр, Латвия порттары қазақстандық жүктерді қабылдап, әрі қарай жөнелтеді", - деді министр үкімет кулуарында.

Айтуынша, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік магистралі бойынша жүк тасымалын қайта жаңғыртқан.
"Өйткені бұрын Ресей арқылы арзанырақ болатын, қазір балама ретінде басқа бағыттарды қарастырып жатырмыз. Әзербайжан, Грузия және Түркиямен уағдаластыққа қол жеткізілді. Жүктеріміздің бір бөлігі осы бағдар бойынша жөнелтіле бастады", - деді Өскенбаев.
Ол бұл бағыт жүк қабылдауға дайын екенін атап өтті. Бүгінде Ақтау мен Құрық порттарына жүктеме толық түсіп тұрған жоқ. Сол себепті олар 10 миллион тоннаға дейін жүкті еркін қабылдай алады.
Еске салсақ, наурыз айының басында Украина мен Ресей арасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық жүктер тасымалдау бойынша проблемалар туындады. Осыған байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей аумағында орналасқан жүктерді Латвия порттарына жіберу мәселесін қарастыра бастады. Сондай-ақ, отандық экспорттаушыларға балама ретінде Ақтау және Құрық порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану ұсынылды.
Көп ұзамай Латвияның теңіз порттары қазақстандық жүктерді қабылдауға келісімін берді.
Жаңалықтар
0