https://sputnik.kz/20220329/qazaqstan-batys-qyryqqabat-ush-ese-qymbattady-23817532.html
Қазақстанның батысында қырыққабат үш есе қымбаттады
Қазақстанның батысында қырыққабат үш есе қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Қазір қырыққабаттың бір келісін 390-550 теңгеден сатып жатыр, ал бір жыл бұрын ол 100-140 теңге тұрған еді 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T14:45+0500
2022-03-29T14:45+0500
2023-08-09T09:47+0500
қоғам
баға
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23814663_0:171:3031:1876_1920x0_80_0_0_0465af50ab8831e23458dea175504539.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Орал әкімдігі көкөніс бағасына қандай факторлар ықпал ететінін айтты.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жасау барысында қырыққабат (276,29%), қант (101,08%), сәбіз (75%), ірімшік (66,83%) және қарақұмық жармасы (52,12%) қатты қымбаттағаны анықталды.Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, бұл өнімнің бәрі сырттан әкелінеді. Мәселен, облыс өз аумағында өсірілетін қырыққабатпен тек 54%-ке, сәбізбен – 51%, ірімшікпен небәрі 5%-ке қамтылған. Ал қант пен қарақұмық облыста мүлде шығарылмайды, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы.Бұл тізімнің көшін ақбас қырыққабат бастап тұр, оның бағасы бір жылда 276,29%-ке көтерілген. Егер 2021 жылғы 16 наурызда қырыққабат келісіне 97 теңге тұрса, биыл 15 наурызда 365 теңге болған. Тек наурыз айының өзінде бұл өнімнің бағасы кемінде 15%-ке өсті.Дүкендер мен супермаркеттерде қырыққабат бағасы 390 теңгеден (базарлар мен супермаркеттерде) 550 теңгеге дейін (үй жанындағы дүкендерде) барады. Сатушылар қымбаттаудың немен байланысты екенін түсіндіре алмайды.Ауыл шаруашылығы басқармасы қырыққабаттың қазіргі бағасын уақытша құбылыс деп атады."Облыстың өз өнімімен (қырыққабатпен) қамтамасыз етілуі 54%-ті құрайды. Сәуірдің басында өңірге Түркістан облысынан қырыққабат жеткізіледі деп жоспарланған еді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ол сәуірдің ортасына дейін созылып кетті. Бәлкім, сатушылар да мұны пайдаланып отырған шығар", - деді басқармадағылар.Ведомство ақпаратынша, қазір тұжырымдама әзірленді. Оған сәйкес 2025 жылға қарай өңірді өз көкөнісімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Айта кетері, Орал әкімдігі жүргізген мониторингке сүйенсек, қалада бір жыл ішінде тауық еті (35%), картоп (38%), бірінші сұрыпты ұн (15%) және макарон (30%) да қымбаттаған.Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бағаның өсуіне өте көп фактор әсер ететінін, соның бірі трейдерлердің жұмысы екенін түсіндірді."Мысалы, жиналған өнімді сақтау қажет (бұл шығын), кейін оны трейдерлер сатып алып, жоғары бағамен сатады. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер мен сауда желілерін тауарды өндірушілерден тікелей жеткізуге (төмен бағаны сақтап тұру үшін) міндеттейтін ешқандай нормативтік акті жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
https://sputnik.kz/20220329/ministr-azyq-tuliktin-qymbattauy-23807231.html
https://sputnik.kz/20220326/azyq-tulik-ukimet-23757118.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23814663_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_0625b139ccd83a86f16b5dc5d93a4035.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, батыс қазақстан облысы
баға, батыс қазақстан облысы
Қазақстанның батысында қырыққабат үш есе қымбаттады
14:45 29.03.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Қазір қырыққабаттың бір келісін 390-550 теңгеден сатып жатыр, ал бір жыл бұрын ол 100-140 теңге тұрған еді
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Орал әкімдігі көкөніс бағасына қандай факторлар ықпал ететінін айтты.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жасау барысында қырыққабат (276,29%), қант (101,08%), сәбіз (75%), ірімшік (66,83%) және қарақұмық жармасы (52,12%) қатты қымбаттағаны анықталды.
Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, бұл өнімнің бәрі сырттан әкелінеді. Мәселен, облыс өз аумағында өсірілетін қырыққабатпен тек 54%-ке, сәбізбен – 51%, ірімшікпен небәрі 5%-ке қамтылған. Ал қант пен қарақұмық облыста мүлде шығарылмайды, деп жазады өңірлік
"Мой город" басылымы.
Бұл тізімнің көшін ақбас қырыққабат бастап тұр, оның бағасы бір жылда 276,29%-ке көтерілген. Егер 2021 жылғы 16 наурызда қырыққабат келісіне 97 теңге тұрса, биыл 15 наурызда 365 теңге болған. Тек наурыз айының өзінде бұл өнімнің бағасы кемінде 15%-ке өсті.
Дүкендер мен супермаркеттерде қырыққабат бағасы 390 теңгеден (базарлар мен супермаркеттерде) 550 теңгеге дейін (үй жанындағы дүкендерде) барады. Сатушылар қымбаттаудың немен байланысты екенін түсіндіре алмайды.
Ауыл шаруашылығы басқармасы қырыққабаттың қазіргі бағасын уақытша құбылыс деп атады.
"Облыстың өз өнімімен (қырыққабатпен) қамтамасыз етілуі 54%-ті құрайды. Сәуірдің басында өңірге Түркістан облысынан қырыққабат жеткізіледі деп жоспарланған еді, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты ол сәуірдің ортасына дейін созылып кетті. Бәлкім, сатушылар да мұны пайдаланып отырған шығар", - деді басқармадағылар.
Ведомство ақпаратынша, қазір тұжырымдама әзірленді. Оған сәйкес 2025 жылға қарай өңірді өз көкөнісімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Айта кетері, Орал әкімдігі жүргізген мониторингке сүйенсек, қалада бір жыл ішінде тауық еті (35%), картоп (38%), бірінші сұрыпты ұн (15%) және макарон (30%) да қымбаттаған.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бағаның өсуіне өте көп фактор әсер ететінін, соның бірі трейдерлердің жұмысы екенін түсіндірді.
"Мысалы, жиналған өнімді сақтау қажет (бұл шығын), кейін оны трейдерлер сатып алып, жоғары бағамен сатады. Өкінішке қарай, кәсіпкерлер мен сауда желілерін тауарды өндірушілерден тікелей жеткізуге (төмен бағаны сақтап тұру үшін) міндеттейтін ешқандай нормативтік акті жоқ", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.