https://sputnik.kz/20220329/ministrlik-aua-rayy-zhedel-shtab-23828078.html
Министрлік ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрды
Министрлік ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрды
Sputnik Қазақстан
Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасап жатыр 29.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-29T21:06+0500
2022-03-29T21:06+0500
2022-03-29T21:09+0500
оқиға
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22800392_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_0b4a03d5156fc8c4a4af3a867e965916.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына байланысты 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жолдың жабылғанын хабарлады.Ұлттық компания дерегі бойынша, қатты бораннан жолдың көрінбеуі себепті Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде (24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар) жолдар жабылды.Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты республикалық жедел штаб құрды. Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасап жатыр.Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді: 8 (7172) 53 32 84.Министрліктің хабарлауынша, барлық жабық жол учаскелерінде төтенше жағдайлар, полиция департаменті және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды. Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды. "Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауылдың салдарынан шатырлар мен ағаштар құлауған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22800392_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_a6488463d9b142a13823483710806767.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай
Министрлік ауа райының бұзылуына байланысты жедел штаб құрды
21:06 29.03.2022 (жаңартылды: 21:09 29.03.2022) Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына байланысты 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жолдың жабылғанын хабарлады.
Ұлттық компания дерегі бойынша, қатты бораннан жолдың көрінбеуі себепті Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде (24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар) жолдар жабылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының бұзылуына байланысты республикалық жедел штаб құрды. Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізуде.
Бірқатар облыстарда да осындай штабтар жұмыс жасап жатыр.
Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді: 8 (7172) 53 32 84.
Министрліктің хабарлауынша, барлық жабық жол учаскелерінде төтенше жағдайлар, полиция департаменті және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды.
Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.
"Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауылдың салдарынан шатырлар мен ағаштар құлауған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.