Елорда тынысы

Елордадағы "Қазмедиа" орталығында өрт шықты

© Sputnik / Абзал Калиевказмедиа
казмедиа - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының қолайсыздығынан ғимараттың электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді.
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Елордадағы "Қазмедиа" орталығынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері "Д.Қонаев көшесі, 4" мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.
"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеуде",- деп атап өтеді министрліктен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығынан ғимараттың электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.
Жаңалықтар
0