Ақтау теңіз портында контейнер хабы салынады

© Photo : АО "НК "КТЖ"Ақтау порты
Ақтау порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Транскаспий көлік бағыты бойынша жүк тасымалдауды дамыту үшін "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында контейнер хабын құру жоспарланып отыр.
Бұл туралы үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, осы жобаны жүзеге асыру үшін сингапурлік PSA International компаниясымен келіссөз жүргізілді.
"Сонымен қатар Maersk, MSC пен Cosco Shipping әлемдік контейнер операторларын тарту жоспарда бар", - деді Өскенбаев.
Министр кеме жүк тасымалы саласында да жеке бизнесті тарту арқылы сауда флотын 4 пароммен толықтыру көзделіп отырғанын айтты.
Жалпы биыл 4 миллион тоннаға жуық экспорттық жүкті қайта бағдарлау есебімен Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалдау көлемін 10 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0