Оқиға

Қостанайда өртенген үйден екі баланың мәйіті табылды

© REUTERS / Stephen Lamархивтегі сурет
архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Олар өрт шыққан үйге қонаққа келген
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз– Sputnik. Қостанайда өртенген ғимараттан бірнеше адамның мәйіті табылды, деп хабарлады жергілікті Алау басылымы.
Өрт 27 наурызда Тобыл көшесіндегі екі қабатты үйден шыққан.
Жалын 100 шаршы метр болатын екінші қабатты шарпыды.
Өрт орнынан денесін күйік шалған 1988 жылығы ер адамның мәйіті табылды. 1985 жылғы әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Ғимараттың екінші қабатындағы тағы бір бөлмеден кәмелетке толмаған 2011 және 2013 жылғы екі қыздың денесі анықталды.
Олар үйді жалдап тұрып жатқан ерлі-зайыптыларға қонаққа келген.
Өрт күндізгі сағат үште өрт толықтай сөндірілді. Оның шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0