Қоғам

Сиыр бағып, дискотекада ән айтады: қазақстандық ресейлік шоудың қонағы болды

© Photo : Скриншот видео YouTube / News Кино и МузыкаАзамат Исенғазин "Привет Андрей" бағдарламасында қонақта
Азамат Исенғазин Привет Андрей бағдарламасында қонақта  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Қазақстандық Азамат Исенғазин мал бағып қана қоймай, музыкамен әуестенеді. Оның хоббиі ауылдастарына да ұнайды, өйткені әнші жігіт дискотекаларда жұрттың көңілін көтереді
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қостанай облысындағы Красный кордон ауылының тұрғыны Азамат Исенғазин ресейлік "Привет, Андрей!" шоуының қонағы болды.
Қазақстандық ауылдағы өмірі жайлы айтып, қонақтарға бауырсақ пен үй қаймағынан ауыз тигізді.
Ер адам ауыл өмірін жақсы көретінін және туған ауылынан ешқашан кетпегенін айтты. Шағын шаруашылықтан бөлек, Азамат Исенғазин музыкамен әуестенеді.
Ол 80-90-шы жылдардағы әндер жазылған үнтаспаларды жинайды және ауылдағы дискотекаларда өзінің сүйікті әндерін шырқайды.
Бағдарлама кезінде қазақстандық ауылдағы өмірі жайлы әңгімелеп қана қоймай, бірнеше ән де орындады.
Айта кетері, "Привет Андрей" бағдарламасының 26 наурыздағы шығарылымы 90-шы жылдарға және көптеген телекөрерменнің жастық шағындағы сүйікті әндеріне арналды.
Қазақстан азаматынан бөлек, Андрей Малаховтың шоуына Юрий Шатунов, Сергей Минаев, Мария Берсенева, Катя Семенова, Тимур Ведерников, Кирилл Нефтерев, Татьяна Иванова, "Комбинация" тобы және ресейлік шоу-бизнестің басқа да жұлдыздары жиналды.
Жаңалықтар
0