https://sputnik.kz/20220328/pavlodar-oblysy-itter-qoy-23781638.html
Павлодар облысында иттер 12 қойды талап тастады – ит иесі жазаланды
Павлодар облысында иттер 12 қойды талап тастады – ит иесі жазаланды
Sputnik Қазақстан
Қой иесінің шығыны 400 мың теңгені құрады, ол соманы сот арқылы өндіріп ала алады 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T11:25+0500
2022-03-28T11:25+0500
2022-03-28T11:25+0500
оқиға
павлодар облысы
ит
қой
https://sputnik.kz/img/528/46/5284615_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_b724799b6c68a2a2203704ecf44ac67f.jpg
ПАВЛОДАР, 28 наурыз – Sputnik. Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде он екі қойды талап тастаған иттердің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.27 наурызда Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясына Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде иттер 12 бас қойды (3 қой және 9 қозы) талап тастағаны туралы хабар түсті. Бұған дейін 13 қой деп айтылған болатын.Ветеринарлық қызметпен бірге келген полиция қызметкерлері, 27 наурызға қараған түні сағат 03.00- 04.00 кезінде қой қораға 3 ит кіріп кеткенін анықтады.Қой иесі шамамен 400 мың теңгеге шығын келгені туралы арыз жазды.Учаскелік полиция инспекторлары ит иелерінің бірін тапты. 46 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігі бойынша іс жүргізіледі ("иттерді серуендету ережесін бұзу және жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіру"). Бұл бапқа сәйкес 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салу көзделген."Хаттаманың көшірмесі алынған соң зардап шеккен тарап келтірілген залалды өтету үшін сотқа жүгіне алады ",- деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/528/46/5284615_21:0:1728:1280_1920x0_80_0_0_8b712cd1aa6dd2fb08a5768a8b009c2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, ит, қой
Павлодар облысында иттер 12 қойды талап тастады – ит иесі жазаланды
Қой иесінің шығыны 400 мың теңгені құрады, ол соманы сот арқылы өндіріп ала алады
ПАВЛОДАР, 28 наурыз – Sputnik. Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде он екі қойды талап тастаған иттердің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
27 наурызда Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясына Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде иттер 12 бас қойды (3 қой және 9 қозы) талап тастағаны туралы хабар түсті. Бұған дейін 13 қой деп айтылған болатын.
Ветеринарлық қызметпен бірге келген полиция қызметкерлері, 27 наурызға қараған түні сағат 03.00- 04.00 кезінде қой қораға 3 ит кіріп кеткенін анықтады.
Қой иесі шамамен 400 мың теңгеге шығын келгені туралы арыз жазды.
Учаскелік полиция инспекторлары ит иелерінің бірін тапты. 46 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігі бойынша іс жүргізіледі ("иттерді серуендету ережесін бұзу және жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіру"). Бұл бапқа сәйкес 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салу көзделген.
"Хаттаманың көшірмесі алынған соң зардап шеккен тарап келтірілген залалды өтету үшін сотқа жүгіне алады ",- деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.