https://sputnik.kz/20220328/maulen-ashimbaev-resey-federatsiya-kenesi-23799516.html
Мәулен Әшімбаев Ресей Федерация кеңесінің төрағасымен кездесті
Мәулен Әшімбаев Ресей Федерация кеңесінің төрағасымен кездесті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерация кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына... 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T20:45+0500
2022-03-28T20:45+0500
2022-03-28T20:45+0500
мәулен әшімбаев
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17463980_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_d40b290d695cda0c44d822c396dd3319.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерация кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы (ТМД ПАА) кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.Отырысқа Федерация кеңесі делегациясының мүшелері – Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев, Федерация кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Григорий Карасин, Федерация кеңесінің халықаралық істер комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Жабаров қатысты, деп хабарлады Федерация кеңесінің баспасөз қызметі.Валентина Матвиенко биылғы жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын еске салды.Федерация кеңесінің төрағасы Федерация кеңесі мен Қазақстан сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын атап өтті.Мәулен Әшімбаев пен Валентина Матвиенко парламентаралық, оның ішінде салалық комитеттер мен комиссиялар бойынша ынтымақтастықты талқылады.Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жай-күйі, оның ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы мәселелер қозғалды."Қазіргі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның 66 мыңнан астам азаматы білім алып жатыр. Біз осы бағыттағы ынтымақтастықты арттыруға дайынбыз", - деді Валентина Матвиенко.Федерация кеңесінің төрағасы сонымен қатар Украинадағы жағдайдың себептері мен барысы туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17463980_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_63b74a633e5c69dbb732660141aab6c7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәулен әшімбаев
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерация кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы (ТМД ПАА) кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.
Отырысқа Федерация кеңесі делегациясының мүшелері – Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев, Федерация кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Григорий Карасин, Федерация кеңесінің халықаралық істер комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Жабаров қатысты, деп хабарлады Федерация кеңесінің баспасөз қызметі.
Валентина Матвиенко биылғы жылы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толатынын еске салды.
Федерация кеңесінің төрағасы Федерация кеңесі мен Қазақстан сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын атап өтті.
"Бұл біздің өзара әрекеттестігіміздің негізгі құралы. Комиссияның әр отырысында елдеріміз үшін маңызды мәселелер көтеріледі. Биыл комиссияның екі отырысы Ресейде және Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда. Бірі 11-12 сәуірде Астраханьда өтуі керек", - деді Матвиенко.
Мәулен Әшімбаев пен Валентина Матвиенко парламентаралық, оның ішінде салалық комитеттер мен комиссиялар бойынша ынтымақтастықты талқылады.
Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жай-күйі, оның ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы мәселелер қозғалды.
"Қазіргі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның 66 мыңнан астам азаматы білім алып жатыр. Біз осы бағыттағы ынтымақтастықты арттыруға дайынбыз", - деді Валентина Матвиенко.
Федерация кеңесінің төрағасы сонымен қатар Украинадағы жағдайдың себептері мен барысы туралы егжей-тегжейлі баяндады.