Әлемнің 20 елінен фотографтар World Nature Photography Awards 2021 байқауына қатысу үшін өтініш жолдаған. Бұл байқау жыл сайын өтеді. Осы жолы АҚШ-тағы фотограф Амос Начум үздік деп танылды. Теңіз қабыланы мен оның арандай ашылған аузына қарай жүзіп бара жатқан пингвин бейнеленген сурет үшін Начум 1 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Байқау жеңімпазы осы суретті түсіру үшін Антарктикалық жартылай түбекте теңіз жыртқыштарын сағаттап күткенін айтты. Суреттер топтамасынан байқауға қатысқан басқа да әсерлі суреттерді тамашалай аласыздар. Олардың қай-қайсысы да жабайы табиғаттың әсемдігін суреттейді.
Жыл сайын өтетін беделді World Nature Photography Awards байқауының үздік туындыларын суреттер топтамасынан көріңіздер
Әлемнің 20 елінен фотографтар World Nature Photography Awards 2021 байқауына қатысу үшін өтініш жолдаған.
Бұл байқау жыл сайын өтеді. Осы жолы АҚШ-тағы фотограф Амос Начум үздік деп танылды. Теңіз қабыланы мен оның арандай ашылған аузына қарай жүзіп бара жатқан пингвин бейнеленген сурет үшін Начум 1 мың доллар көлемінде сыйақы алды.
Байқау жеңімпазы осы суретті түсіру үшін Антарктикалық жартылай түбекте теңіз жыртқыштарын сағаттап күткенін айтты.
Суреттер топтамасынан байқауға қатысқан басқа да әсерлі суреттерді тамашалай аласыздар. Олардың қай-қайсысы да жабайы табиғаттың әсемдігін суреттейді.
Америкалық фотограф Амос Нахум түсірген теңіз қабыланының суреті World Nature Photography Awards 2021 байқауында жеңіске жетті. Ол осы сурет үшін 1 000 доллар көлемінде сыйақы алды.
Британдық фотораф Винс Бертон сирек кездесетін арктикалық көгілдір түлкіні суретке түсірген. Бұл туынды "Қара мен ақ" категориясында бірінші орынға лайық деп танылды.
Ландшафт фотографы Сэм Уилсон түсірген сурет World Nature Photography Awards 2021 байқауында "Жер ғаламшарындағы пейзаж бен қоршаған орта" категориясында бірінші орынды иеленді.