https://sputnik.kz/20220328/esirtki-qylmysy-onirler-23782383.html
Есірткі қылмысы көп тіркелетін өңірлер аталды
Есірткі қылмысы көп тіркелетін өңірлер аталды
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T11:26+0500
2022-03-28T11:26+0500
2022-03-28T11:26+0500
қоғам
есірткі
полиция
https://sputnik.kz/img/471/31/4713175_0:126:3193:1922_1920x0_80_0_0_a9b611d29dbf4995245e4798b7ee6b6f.jpg
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі қылмысы көп тіркелетін үш өңірді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, алдыңғы қатарда Алматы қаласы тұр. Сондай-ақ 2022 жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 248 өткізу, 85 аса ірі мөлшерде сақтау фактілері бар. "Екі айда 7 есірткі зертханасы жойылды. Қаңтар және ақпанда полицейлер 422 келі есірткі тәркіледі, оның ішінде 196 келі гашиш, 213 келі марихуана және 6 келіден астам синтетика бар. Бүгінге дейін шамамен 40 келі синтетика тәркіленді ", - деді басқарма басшысы. Полицияның хабарлауынша, 2019 жылдан бастап ішкі істер органдары 182 келі "синтетика" тәркілеп, 35 есірткі зертхананы жойды. Барлық жағдайда химиялық прекурсорлар, реагенттер мен зертхана жабдықтары Қазақстанға логистикалық компаниялар арқылы, көрші елдердің пошта жөнелтілімі арқылы жеткізілген. Сондықтан ІІМ күдік туғызатын заттарды анықтап, көлік-логистикалық компаниялармен тығыз жұмыс істеп жатыр. "Өткен айда елордада "Family Village" коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде есірткі өндірісін жолға қойған және оларды қалада көтерме сатумен айналысқан жергілікті тұрғындар ұсталды. Сол кезде 1200 "экстази" таблеткасы, 2 келі "Альфа PVP" және 140 литр прекурсор тәркіленді", - деп мәлімдеді Бақытжан Әмірханов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/471/31/4713175_231:0:2962:2048_1920x0_80_0_0_2d38256b3be43ef6e2cc9fad3379cff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, полиция
Есірткі қылмысы көп тіркелетін өңірлер аталды
2022 жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі елімізде есірткі қылмысы көп тіркелетін үш өңірді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, алдыңғы қатарда Алматы қаласы тұр.
"Былтыр есірткіге қатысты 2300-ден астам қылмыс тіркелді. Оның ішінде Алматы қаласында 300-ден астам, Жамбыл облысында – 254, Шығыс Қазақстан облысы 200-ден астам қылмыс тіркелді", - деді Бақытжан Әмірханов.
Сондай-ақ 2022 жылдың екі айында ішкі істер органдары 378 есірткі қылмысын анықтады. Оның ішінде 248 өткізу, 85 аса ірі мөлшерде сақтау фактілері бар.
"Екі айда 7 есірткі зертханасы жойылды. Қаңтар және ақпанда полицейлер 422 келі есірткі тәркіледі, оның ішінде 196 келі гашиш, 213 келі марихуана және 6 келіден астам синтетика бар. Бүгінге дейін шамамен 40 келі синтетика тәркіленді ", - деді басқарма басшысы.
Полицияның хабарлауынша, 2019 жылдан бастап ішкі істер органдары 182 келі "синтетика" тәркілеп, 35 есірткі зертхананы жойды.
Барлық жағдайда химиялық прекурсорлар, реагенттер мен зертхана жабдықтары Қазақстанға логистикалық компаниялар арқылы, көрші елдердің пошта жөнелтілімі арқылы жеткізілген. Сондықтан ІІМ күдік туғызатын заттарды анықтап, көлік-логистикалық компаниялармен тығыз жұмыс істеп жатыр.
"Өткен айда елордада "Family Village" коттедж қалашығындағы үйлердің бірінде есірткі өндірісін жолға қойған және оларды қалада көтерме сатумен айналысқан жергілікті тұрғындар ұсталды. Сол кезде 1200 "экстази" таблеткасы, 2 келі "Альфа PVP" және 140 литр прекурсор тәркіленді", - деп мәлімдеді Бақытжан Әмірханов.