https://sputnik.kz/20220328/esirtki-qylmysy-internet-resurs-23782162.html
Есірткі қылмысына қатысы бар 440 интернет-ресурс анықталды
Есірткі қылмысына қатысы бар 440 интернет-ресурс анықталды
Sputnik Қазақстан
Полиция есірткі қылмысына қатысы бар 440 интернет-ресурс бұғатталатынын хабарлады 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T12:06+0500
2022-03-28T12:06+0500
2022-03-28T13:34+0500
қоғам
ішкі істер министрлігі
интернет
https://sputnik.kz/img/745/69/7456975_0:180:3000:1868_1920x0_80_0_0_acda4ace7045d28ee242a89b9867f678.jpg
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жыл басталғалы есірткі қылмысына қатысы бар 450-ге жуық интернет-ресурсты анықтады. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жыл басынан бері министрлік 440 интернет-ресурсты, оның ішінде 150-ден астам телеграм арнаны анықтап, бұғаттау үшін ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберді. "Интернет технологияның дамуына байланысты қылмыс әлемінің әдістері де өзгеріп жатыр. Көбінесе есірткі сатушылар есірткінің заңсыз айналымына көп адамды тарту үшін интернет-ресурстарды пайдаланады, олар бос жұмыс орны туралы хабарлама береді. Сол себепті "OLX Group" сияқты танымал платформалармен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Соның арқасында биыл 50-ден астам хабарландыру өшірілді, олар курьер жұмысы ұсынысы түрінде есірткі сатушыларды тапқан", - деді Бақытжан Әмірханов. Дәл осындай жұмыс қазақстандық Telegram серверімен де жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін есірткіні анонимді түрде сатумен айналысатын 440 чат анықталған. Осы орайда ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағы болуға шақырады. Жұмыс туралы білмей тұрып, курьер болу туралы ұсынысты қабылдамауға кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/745/69/7456975_136:0:2865:2047_1920x0_80_0_0_b50fc056cfa04d44b5cda04aa4138833.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, интернет
ішкі істер министрлігі, интернет
Есірткі қылмысына қатысы бар 440 интернет-ресурс анықталды
12:06 28.03.2022 (жаңартылды: 13:34 28.03.2022) Полиция есірткі қылмысына қатысы бар 440 интернет-ресурс бұғатталатынын хабарлады
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жыл басталғалы есірткі қылмысына қатысы бар 450-ге жуық интернет-ресурсты анықтады. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жыл басынан бері министрлік 440 интернет-ресурсты, оның ішінде 150-ден астам телеграм арнаны анықтап, бұғаттау үшін ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберді.
"Интернет технологияның дамуына байланысты қылмыс әлемінің әдістері де өзгеріп жатыр. Көбінесе есірткі сатушылар есірткінің заңсыз айналымына көп адамды тарту үшін интернет-ресурстарды пайдаланады, олар бос жұмыс орны туралы хабарлама береді. Сол себепті "OLX Group" сияқты танымал платформалармен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Соның арқасында биыл 50-ден астам хабарландыру өшірілді, олар курьер жұмысы ұсынысы түрінде есірткі сатушыларды тапқан", - деді Бақытжан Әмірханов.
Дәл осындай жұмыс қазақстандық Telegram серверімен де жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін есірткіні анонимді түрде сатумен айналысатын 440 чат анықталған.
"Сонымен қатар бала құқығына қатысты заң жобасы аясында әлеуметтік желілердің және мессенджерлердің жұмыс істеу ережесін реттеу жоспарланып отыр. Бұл интернет кеңістігін осындай контенттен оқшаулауға және кәмелетке толмаған пайдаланушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді ол.
Осы орайда ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағы болуға шақырады. Жұмыс туралы білмей тұрып, курьер болу туралы ұсынысты қабылдамауға кеңес берді.