https://sputnik.kz/20220328/esirtki-qoldangany-ushin-zhaza-23784137.html
Елімізде есірткі қолданғаны үшін жаза жеңілдетіледі – ІІМ
Елімізде есірткі қолданғаны үшін жаза жеңілдетіледі – ІІМ
Sputnik Қазақстан
Енді есірткіні аз мөлшерде сақтағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T12:43+0500
2022-03-28T12:43+0500
2023-08-09T10:05+0500
қоғам
есірткі
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_1ee5aa0b121627f9c7f14f227c185f45.jpg
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолданғандарға жазаны жеңілдету қарастырылған екі заң жобасы әзірленді. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Есірткіні медициналық мақсаттан бөлек қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді, яғни есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдарды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды, прекурсорлар мен күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді", - деді Әмірханов. Ол синтетикалық есірткінің таралуына қарсы тұру мәселесін де қозғады. Қазір республикада президент пен үкіметтің тапсырмасына сәйкес есірткіге қарсы бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556541_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_d2ac6463ab1011666a9031605402389c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, ішкі істер министрлігі
есірткі, ішкі істер министрлігі
Елімізде есірткі қолданғаны үшін жаза жеңілдетіледі – ІІМ
12:43 28.03.2022 (жаңартылды: 10:05 09.08.2023) Енді есірткіні аз мөлшерде сақтағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолданғандарға жазаны жеңілдету қарастырылған екі заң жобасы әзірленді. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Есірткіні медициналық мақсаттан бөлек қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді, яғни есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдарды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды, прекурсорлар мен күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді", - деді Әмірханов.
Ол синтетикалық есірткінің таралуына қарсы тұру мәселесін де қозғады. Қазір республикада президент пен үкіметтің тапсырмасына сәйкес есірткіге қарсы бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр:
2022-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді: шетелде өндірілген есірткілердің жеткізілуін, оларды тарату және ел ішінде өндіруді тоқтату, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту, сондай-ақ ішкі істер, денсаулық сақтау, сот сараптамасы органдарын және шекаралық өткізу пункттһерін материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар көзделген;
аса қауіпті заттардың "криминалдық" мөлшері заң жүзінде 1 грамға дейін (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары 3 грамнан 1 грамға дейін, синтетикалық каннабиноидтар 50 грамнан 1 грамға дейін) төмендетілді;
мұндай есірткілерді өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді – Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі.