https://sputnik.kz/20220328/bas-mufti-oraza-kasipkerler-undeu-23788807.html
Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды 28.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-28T14:14+0500
2022-03-28T14:14+0500
2023-08-10T17:15+0500
ораза
бас мүфти
рамазан айы
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1a/23754520_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_d6658e30d626bd01247a4ea80a8c3dac.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында кәсіпкерлерден азық-түлік бағасын төмендетуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бас мүфти биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын еске салды. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты қасиетті айда көбірек сауапты амал жасауға шақырды.Сондай-ақ кәсіпкерлерден халыққа аса қажет тауарлар мен азық-түлік бағасын түсіруді сұрады."Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді" деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, деді ҚМДБ төрағасы.ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар қасиетті айда азық-түлікті әдейі қымбаттату күнә екенін еске салды."Спекуляция жасау күнә істердің қатарына жатады. Жасанды түрде бағаны өсіруге шариғатта тыйым салынған. Сондықтан Рамазан қасиетті, қайырымдылық айы екенін тағы да еске саламын. Алла разылығы үшін қаншалықты көп қайырымды іс жасасақ, ол Рамазан айында еселеніп қайтады", - деді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1a/23754520_255:0:2986:2048_1920x0_80_0_0_fdad663c15ede9a86856f82aa451dd08.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза, бас мүфти, рамазан айы, азық-түлік
ораза, бас мүфти, рамазан айы, азық-түлік
Бас мүфти ораза қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
14:14 28.03.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында кәсіпкерлерден азық-түлік бағасын төмендетуді сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас мүфти биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын еске салды. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.
Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатты қасиетті айда көбірек сауапты амал жасауға шақырды.
Сондай-ақ кәсіпкерлерден халыққа аса қажет тауарлар мен азық-түлік бағасын түсіруді сұрады.
"Кәсіпкер азаматтарды қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын", - деді бас мүфти орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді" деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, деді ҚМДБ төрағасы.
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар қасиетті айда азық-түлікті әдейі қымбаттату күнә екенін еске салды.
"Спекуляция жасау күнә істердің қатарына жатады. Жасанды түрде бағаны өсіруге шариғатта тыйым салынған. Сондықтан Рамазан қасиетті, қайырымдылық айы екенін тағы да еске саламын. Алла разылығы үшін қаншалықты көп қайырымды іс жасасақ, ол Рамазан айында еселеніп қайтады", - деді ол.