Оқиға

Алматы облысында тасжолда "Көкпар" ұйымдастырған тұрғын жазаланды - видео

© РИА НовостиАт жарыс
Ат жарыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Ат жарыстың видеосы әлеуметтік желілерде тарады
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Алматы облысында полицейлер жол бойында Көкпар ұйымдастырған 34 жастағы ауыл тұрғынын жазалады.
Ұлды болған ер адам ат жарыс өткізуді жөн санапты. Бірақ ойын қызған кезде автомобиль жолына бет алған қатысушыларды бақылай алмады.
Тасжолдағы ат жарыстың видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция оқиға 26 наурызда Қарасай ауданындағы Райымбек ауылының маңында болғанын хабарлады.
Іс-шараны 34 жастағы жергілікті тұрғын ұйымдастырған. Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 434-бабына сәйкес ("ұсақ бұзақылық") әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Алматы-Жандосов автожолында көлік қозғалысына кедергі келтірілді. Жергілікті атқарушы органдарға іс-шараның өткізілуі туралы хабарланған жоқ. Салдарынан қатысушылар ойын алаңынан тыс жерге шығып кетті", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Батыл жігіт көкпарды алып шығу үшін мұздай судан тайынбады - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2018
Видео
Батыл жігіт көкпарды алып шығу үшін мұздай судан тайынбады
Жаңалықтар
0