Әділет министрлігі алимент қоры не себепті құрылмағанын түсіндірді

© Sputnik / Владислав Водневақша
ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Әділет министрлігінің қазіргі басшылығы алимент төлей алмайтындарға арналған қор құрудың қажеті жоқ екенін, жағдай жасап, олардан қарызды уақтылы өндіріп алу керек екенін айтты
АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Әділет министрі Қанат Мусин елімізде алимент қоры не себепті құрылмағанын айтты.
2019 жылы сол кезде әділет министрі қызметін атқарған Марат Бекетаев республикалық сот орындаушылар палатасы жанынан алимент қоры құрылғанын хабарлады. Қаржылық қиындықтарға тап болған және алимент бойынша берешегі бар адамдар қордан қаражат алатын.
Қазіргі министр Мусин мұндай қорды құру бастамасы болғанын, бірақ оның әрі қарай жалғаспағанын айтты.
"Қор құрып, сот шешімімен белгіленген алимент төлеушілердің орнына алимент алушыларға ақша төлеу және оны сот орындаушыларының өз қаражаты есебінен беру – бұл нонсенс. Сондықтан бұл идея іске аспады, бірақ құру туралы айтылды", - деді министр.
Сонымен қатар депутат Магеррам Магеррамов мемлекеттік алимент қорын құруды ұсынды. Министр Мусин бұл бастаманы да қолдамады.
"Менің ойымша, бұл мүмкін емес, өйткені алимент төлеу міндетін ата-анадан мемлекетке ауыстыру, біріншіден, әділетсіз, екіншіден, қымбат, үшіншіден, төлеушілердің өз міндетін орындауынан жалтаруға әкеледі. Мемлекет төлеп, ол жайбарақат жүруі керек пе?", - деді мәжіліс кулуарында министр.
Бұрын ұсынылған алимент қорының бюджетін республикалық палата мүшелері жарналар мен ерікті қайырымдылық есебінен қалыптастырады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
0