Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы бас директоры қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевГүлдер
Гүлдер - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Батырбек Әлжановтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Ұлттық банк өз Telegram-арнасында хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" РМК бас директоры Батырбек Асылбекұлы Әлжановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұжымы қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады" – деп жазылған хабарламада.
Хабарламада Батырбек Әлжанов ақылы мен парасаты, қарапайымдылығы мен жауапкершілігі, басшылық ете білетін қарым-қабылеті үйлесім тапқан еңбекқор, жігерлі жан болғаны жазылған.
Ол 30 жыл бойы Ұлттық банк жүйесінде жұмыс істеген. Әріптестері оның шебер ұйымдастырушы әрі өз ұстанымына адал басшы болғанын айтып, осы қасиетімен әріптестер арасында құрметке ие болғанын атап өтті.
"Ағайын-туысы мен жақын бауырларына, достарына сабыр тілейміз", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.
Жаңалықтар
0