Қостанайда құтқарушылар ауыр жағдайдағы үш науқасты ауруханаға жеткізді

© Photo : ДЧС Костанайской областиархивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2022
Жазылу
Ол үшін құтқарушыларға 100 шақырымға жуық қашықтықты өтімділігі жоғары техникамен жүруге тура келді
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қостанайлық құтқарушылар бір тәулікте 17 адамды құтқарып, 3 науқасты эвакуациялады
25 наурызда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Ашутасты ауылының тұрғындарын Арқалық қаласының ауруханасына тасымалдауға құтқарушылардың көмегі қажет болды.
1977 жылы туған ер адамның аяғы сынған, ал 1974 жылы туған жігітті ит тістеп алған. Сонымен қатар, жол бойында қар құрсауында қалып қойған 3 жеңіл автокөліктен 11 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
СКБ-600 жол талғамайтын көлігімен 30 шақырым жолды еңсеріп, сағат 18:35-те қызметкерлер азаматтарды Арқалыққа аман-есен жеткізді. 26 наурызға қараған түні Әулиекөл ауданында ЖҚБ қызметкерлері 1998 жылы туған жүкті әйелді Тұрғымбаев ауылынан эвакуациялап, оны Әулиекөл ауылындағы ауруханаға жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдарға тапсырды.
Ол үшін құтқарушыларға 100 шақырымға жуық жүріп өту мүмкіндігі жоғары "ТРЭКОЛ" техникасымен жүруге тура келді. Өткен түнде Алуа ауылының жанындағы Арқалықтан 80 шақырым жердегі аудандық маңызы бар автожолда тағы бір құтқару операциясын ЖҚБ қызметкерлері жүргізді.
Құтқарушылар көлікте қалған адамдарға көмекке келді. Олар тұрған жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Оның ішінде 6 адам 2 баланы ҰҚК-600-ге отырғызып, сағат 01:35-те Арқалық қаласына медициналық көмекке алып келді.
Жаңалықтар
0