Аңдатпа

Қазақстанда 28 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневТүнгі астана
Түнгі астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 28 - 29 наурыз аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
28 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
11:00 – "Есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы" онлайн брифинг өтеді. Спикер: Әмірханов Бақытжан Қадірбекұлы – Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы. Тақырыпқа қатысты сұрақтар 25 наурыз сағат 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp -8705 440 83 65 арқылы қабылданады.
11.00 - Қазақстан баспасөз клубы конституциялық құқықтарды сақтауға арналған онлайн баспасөз конференциясын өткізеді. Zoom-ға қосылу: https://us02web.zoom.us/j/89640192947?pwd=SUZPY0FBck5VWWFkWlNQWmYvcmJaZz09 Конференция идентификаторы: 896 4019 2947 Код: V28.
Баспасөз конференциясына қатысушылар: Дана Орманбаева, қоғам қайраткері, журналист; Алмат Мұхамеджанов, құқық қорғаушы; Бауыржан Азанов, адвокат; Даниар Сәрсенов, заңгер; Дина Смаилова, құқық қорғаушы. Аккредитация бойынша: Әсел Берімжарова, 8 701 749 02 00.
12:00 – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) YouTube-каналында тікелей эфирде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы заң жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Спикерлер: Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бірінші вице-министрі М. Е. Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары К. И. Миятов. Отырыс соңында спикерлер тыңдау тақырыбына қатысты сұрақтарға жауап береді.
14.30 – "Рамазан айына дайындық туралы" брифинг өтеді. Спикерлер: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы; ҚР ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар. Онлайн-трансляцияны Youtube-тен көре аласыздар.
29 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР
14.00 – Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Ресей мен ЕАЭО-ның қазіргі жағдайдағы рөлі мен орны" тақырыбында Нұр-Сұлтан – Мәскеу – Минск – Ереван – Бішкек бейнекөпірі өтеді. Онлайн-трансляцияны Sputnik.kz сайтынан көре аласыздар. Спикерге сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com поштасы арқылы жіберуге болады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00 - "Наурыз-Думан" шоуы (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

АЛМАТЫ

19.00 - "Қазақ хореографиясының кеші" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
19.00 - "Мюзикл үні" спектаклі (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0