https://sputnik.kz/20220327/aqtauda-qoqys-dau-23764171.html
Ақтауда қоқысқа қатысты дау шықты
Ақтауда қоқысқа қатысты дау шықты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақтауда қоқыс мәселесінде шу шықты. 27.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-27T12:12+0500
2022-03-27T12:12+0500
2022-03-27T12:17+0500
маңғыстау облысы
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288598_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_51d592c4d7f35db92829a4efcd9fb7b6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақтауда қоқыс мәселесінде шу шықты. Қалалық қоқыстың 85%-ін шығарумен айналысатын компанияны полигонға кіргізбей отыр. Өңірлік Lada басылымының ақпаратына сәйкес, әкімшілік тапсырмасы бойынша "Маңғыстау жылу" МКК басшылығы 25 наурызда Ақтау халқының 85%-іне қызмет көрсететін Caspiy Operating компаниясы үшін полигонды жабу туралы шешім қабылдаған. Полигон "Маңғыстау жылу" МКК балансында тұрған.Компаниядағылар өздерінің жұмысы тоқтап тұрғанын және бұл елдегі экологиялық кодекс талаптарын бұзу болып саналатынын айтты. Жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгеннен бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша бұрынғы тариф өзінің заңды күшін жоғалтты. Өз кезегінде, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, барлық сатыдағы жауапты мекемеде соның ішінде қоғамдық кеңесте есептеліп, жаңа тарифты бекітті. Бірақ қаңтар оқиғасына және тарифке жарияланған мораторийге байланысты ол тариф қалалық мәслихатта бекітілмеген (бірақ бұл тарифке мораторий талаптары таралмайды). "Маңғыстау жылу" МКК басшылығы Caspiy Operating ЖШС өзіне шығын келсе де, қалдықтарды көму бойынша тарифті халықтан жинап, қоқыс шығаратын компанияға полигонға жеткізілген қалдықтардың 100 процент көлемі үшін есепшот дайындауға міндетті деп санайды.Алайда халықтың тек 60 проценті ғана осы қызмет түріне ақы төлейді.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288598_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_32ba30a684d9e1d4387101bd84aa4142.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, қоқыс
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Ақтауда қоқыс мәселесінде шу шықты.
Қалалық қоқыстың 85%-ін шығарумен айналысатын компанияны полигонға кіргізбей отыр.
Өңірлік Lada басылымының ақпаратына сәйкес, әкімшілік тапсырмасы бойынша "Маңғыстау жылу" МКК басшылығы 25 наурызда Ақтау халқының 85%-іне қызмет көрсететін Caspiy Operating компаниясы үшін полигонды жабу туралы шешім қабылдаған. Полигон "Маңғыстау жылу" МКК балансында тұрған.
Компаниядағылар өздерінің жұмысы тоқтап тұрғанын және бұл елдегі экологиялық кодекс талаптарын бұзу болып саналатынын айтты.
"Антисанитарлық ахуал туындап отыр, қоқыс үйіліп, халықтың қалыпты тіршілігі бұзылып жатыр. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және халық алдында жергілікті атқарушы билік беделінің төмендеуіне алып келді. Қазіргі жағдайды реттеу үшін алдағы уақытта Caspiy Operating ЖШС белгілі уақытта тыс жұмыс істеп, қосымша шығынға батады", - деп жазылған қоқыс шығаратын компания хабарламасында.
Жаңа Экологиялық кодекс күшіне енгеннен бастап тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша бұрынғы тариф өзінің заңды күшін жоғалтты. Өз кезегінде, Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, барлық сатыдағы жауапты мекемеде соның ішінде қоғамдық кеңесте есептеліп, жаңа тарифты бекітті.
Бірақ қаңтар оқиғасына және тарифке жарияланған мораторийге байланысты ол тариф қалалық мәслихатта бекітілмеген (бірақ бұл тарифке мораторий талаптары таралмайды).
"Маңғыстау жылу" МКК басшылығы Caspiy Operating ЖШС өзіне шығын келсе де, қалдықтарды көму бойынша тарифті халықтан жинап, қоқыс шығаратын компанияға полигонға жеткізілген қалдықтардың 100 процент көлемі үшін есепшот дайындауға міндетті деп санайды.
Алайда халықтың тек 60 проценті ғана осы қызмет түріне ақы төлейді.