https://sputnik.kz/20220327/almaty-aula-koshe-su-23770172.html
Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты
Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты
Sputnik Қазақстан
Наурыздың соңында жауған жауын-шашын айлық нормадан екі есе асып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті 27.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-27T17:56+0500
2022-03-27T17:56+0500
2022-03-27T17:58+0500
өңірлер
алматы
көше
су
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1b/23769525_0:64:1280:784_1920x0_80_0_0_acca52be0b58176f53f8212e3eb58397.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты.Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 112 және 109 қызметтеріне су басу туралы 11 хабарлама келіп түскен.Жетісу ауданында Гончаров көшесі, 60 мекенжайы бойынша бітелген арық құбыры тазаланды, Брюсов көшесі бойынша су сору жұмысы атқарылған.Алатау ауданы Магаданская көшесі, 53-үйде мердігер ұйымның күшімен арық желісі тазартылған. Наурызбай ауданы Сұраншы батыр көшесі, 2 мекенжайындағы жер үйдің ауласы су астында қалды. Әкімдіктің мердігер ұйымы жұмыс істеді.Су басқаны туралы тағы 7 хабарлама расталған жоқ, деп хабарлады департамент. ТЖД барлық расталған жағдай бойынша түске дейін жұмыс атқарылғанын жеткізді.Қазгидрометтің хабарлауынша, 26 наурызда сағат 21:00-ден 27 наурыз 09: 00-ге дейін Алматыда 23 миллиметр жауын-шашын түскен. Айдың басынан 146,1 миллиметр жауын жауған, норма 76 миллиметр. Жағдай Алматы төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1b/23769525_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_68b993e9a23488644c4a9037e60b97a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, көше, су
Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты
17:56 27.03.2022 (жаңартылды: 17:58 27.03.2022) Наурыздың соңында жауған жауын-шашын айлық нормадан екі есе асып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Алматыда бірнеше аула мен көшені су басты.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 112 және 109 қызметтеріне су басу туралы 11 хабарлама келіп түскен.
Жетісу ауданында Гончаров көшесі, 60 мекенжайы бойынша бітелген арық құбыры тазаланды, Брюсов көшесі бойынша су сору жұмысы атқарылған.
Алатау ауданы Магаданская көшесі, 53-үйде мердігер ұйымның күшімен арық желісі тазартылған.
Наурызбай ауданы Сұраншы батыр көшесі, 2 мекенжайындағы жер үйдің ауласы су астында қалды. Әкімдіктің мердігер ұйымы жұмыс істеді.
Су басқаны туралы тағы 7 хабарлама расталған жоқ, деп хабарлады департамент. ТЖД барлық расталған жағдай бойынша түске дейін жұмыс атқарылғанын жеткізді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, 26 наурызда сағат 21:00-ден 27 наурыз 09: 00-ге дейін Алматыда 23 миллиметр жауын-шашын түскен.
Айдың басынан 146,1 миллиметр жауын жауған, норма 76 миллиметр. Жағдай Алматы төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.