https://sputnik.kz/20220326/sputnik-layt-zhukti-bala-emizetin-ayelder-23754671.html
"Спутник Лайт" енді жүкті және бала емізетін әйелдерге де салынады
"Спутник Лайт" енді жүкті және бала емізетін әйелдерге де салынады
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін осы препаратты вакциналауға жататын ересектерге ғана салуға рұқсат болатын 26.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-26T13:51+0500
2022-03-26T13:51+0500
2022-03-26T13:51+0500
денсаулық
жүкті әйел
бала
https://sputnik.kz/img/07e5/08/11/17877053_0:207:3008:1899_1920x0_80_0_0_3a86a6f8123f24f570ecb88b78753450.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Жүкті және бала емізетін әйелдерге енді коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" вакцинасын салуға болады. Бұл туралы Қарағанды фармацевтикалық кешені хабарлады."Спутник Лайт" вакцинасын салғызуға болмайтындар қатарынан жүкті және бала емізетін әйелдерді алып тастады. Енді жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап аталған препаратты салғызуға болады. Осы кезеңде вакцинаның болашақ анаға тигізетін пайдасы жатырдағы балаға төнетін әлеуетті қауіптен жоғары болады", - деп жазылған хабарламада.Қарсы көрсетілімдерді алып тастаудан бұрын ғалымдар жануарларға зерттеу жүргізгені айтылды. Оның нәтижесі бойынша репродуктивті уыттылығы мен тератогенділігі жоқ екені анықталған. Бала емізетін балаларға да осы вакцинаны егуге рұқсат берілді. Алайда вакцина құрамындағы әсер етуші заттар ана сүтіне енетін-енбейтіні әзірше белгісіз. Сондықтан препаратты қабылдар алдында бала емізетін әйел осы вакцинаның пайдасы мен зиянын бағалауы керек. Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жүкті және бала емізетін әйелдер тек Pfizer вакцинасын ғана салғыза алатын.
https://sputnik.kz/20211116/Zhuktilik-bel-nege-auyrady-18667547.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/11/17877053_455:0:2987:1899_1920x0_80_0_0_7b580d53c8f9c222bf084b2c66823c69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүкті әйел, бала
"Спутник Лайт" енді жүкті және бала емізетін әйелдерге де салынады
Бұған дейін осы препаратты вакциналауға жататын ересектерге ғана салуға рұқсат болатын
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Жүкті және бала емізетін әйелдерге енді коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" вакцинасын салуға болады. Бұл туралы Қарағанды фармацевтикалық кешені хабарлады.
"Спутник Лайт" вакцинасын салғызуға болмайтындар қатарынан жүкті және бала емізетін әйелдерді алып тастады. Енді жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап аталған препаратты салғызуға болады. Осы кезеңде вакцинаның болашақ анаға тигізетін пайдасы жатырдағы балаға төнетін әлеуетті қауіптен жоғары болады", - деп жазылған хабарламада.
Қарсы көрсетілімдерді алып тастаудан бұрын ғалымдар жануарларға зерттеу жүргізгені айтылды. Оның нәтижесі бойынша репродуктивті уыттылығы мен тератогенділігі жоқ екені анықталған.
Бала емізетін балаларға да осы вакцинаны егуге рұқсат берілді. Алайда вакцина құрамындағы әсер етуші заттар ана сүтіне енетін-енбейтіні әзірше белгісіз. Сондықтан препаратты қабылдар алдында бала емізетін әйел осы вакцинаның пайдасы мен зиянын бағалауы керек.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жүкті және бала емізетін әйелдер тек Pfizer вакцинасын ғана салғыза алатын.