Қоғам

Қызылордалық "Голос. Дети" байқауының қатысушысы атанды

© Youtube / "Голос. Дети"Тимур Тян
Тимур Тян - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Қобалжығанына қарамастан, Тимур Тян Егор Кридтің командасына түсіп, келесі турға өтті
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қызылорда тұрғыны Тимур Тян "Голос. Дети" жобасының 9-шы маусымының келесі турына жолдама алды. Жас әнші Александр Градскийдің ""Как молоды мы были" әнін орындады. Алғашқы секундтарда қазылар алқасының мүшесі Егор Крид бұрылды.
14 жастағы Тимурды туыстары қолдауға барды. Жас әнші келесі турға өтті.
"Мен бұл жобаға өткеніме өте қуаныштымын. Сіздерге үлкен рахмет, тәлімгерлер. Сізге үлкен рахмет, Егор. Мен сіздің командаңызға түскім келді. Сіздердің әндеріңізді тыңдаған кезде мен әлі кішкентай едім", - деді Тимур.
Оның бұл сөздерін естіген жұлдызды тәлімгерлер жымиды.
"Мен бұрылғанда, сен қатты қобалжи бастадың. Ал даусың "ұшып кетті" - деді Тимурдың толқуын байқаған Крид.
Бала қобалжығанын мойындады, көрермендерге алғысын білдіріп, тәлімгерлерді құшақтады.
"Жобаға қош келдіңіз", - деді Баста.
Сахна сыртында Тимурды анасы, әпкелері және шоудың жүргізушісі Дмитрий Нагиев қарсы алды.
Жаңалықтар
0