Қазақстан ауасы ластанған 20 елдің қатарына енді

© Sputnik / Абзал КалиевАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Барлығы 100 ел қатысқан рейтингіде Қазақстан таза ауа көрсеткіші бойынша соңғы орындарда тұрғандар қатарынан табылды
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстан ауасы ластанған мемлекеттер рейтингісіне енді.
Рейтинг швейцариялық IQAir мониторинг тобының сайтында жариялады.
Компанияның 2021 жылға арналған есебінде Қазақстан ауаның ластануы бойынша әлемде 23-ші орында екені көрсетілген. Ал Бангладеш – бірінші, Чад – екінші, Пәкістан үшінші орында тұр.
Алғашқы ондыққа Тәжікстан, Үндістан, Оман, Қырғызстан, Бахрейн, Ирак және Непал кірді. Сарапшылар ұсынған дерек бойынша, ең таза ауа Жаңа Каледония аралында тіркелген. Осы рейтингіде екінші орында Виргин аралдары, үшінші орында Пуэрто-Рико тұр.
Ауасы ең ластанған астаналар рейтингісінде Нұр-Сұлтан 35-ші орында тұрғанын айта кету керек. Антирейтинг бойынша бірінші орында Нью-Дели (Үндістан), екінші орында Дакка (Бангладеш), үшінші орында Нджамена (Чад) тұр.
Ал Жаңа Каледония астанасы Нумеаның ауасы ең таза ауа екені анықталды. Ресей 80-ші, ал Мәскеу 73-ші орынға жайғасты.
Сарапшылар Азия мен Африканың барлық елі бірдей мониторингке арналған толыққанды деректі ұсына алмағанын атап өтті. Рейтингіде 117 мемлекет көрсетілген.
Жаңалықтар
0