Денсаулық

Өткен тәулікте 34 адам COVID-19 жұқтырғаны анықталды

© Sputnik / Семён Антонов / Медиабанкке өтуКоронавирус, сынама
Коронавирус, сынама - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте, 25 наурызда 34 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласы - 11
Шығыс қазақстан облысы - 7
Қарағанды облысы - 5
Павлодар облысы - 3
Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы облысы - 2
Қостанай облысы - 2
Ақмола облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 1
2020 жылдың 13 наурызынан бастап елімізде коронавирус инфекциясымен 1 305 017 науқас анықталды.

Қазіргі уақытта қанша адам коронавируспен ауырып жатыр

26 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 4 622 адам емделуде (Сovid-19 диагнозы расталған 602 және теріс ПТР тесті бар 1 020 адам. Оның ішінде стационарларда 516 пациент, амбулаториялық жағдайда 4 106 пациент емделіп жатыр).
Коронавирус инфекциясымен және пневмониямен ауыратындардың ішінде 7 пациент ауыр хәлде, 18 пациент аса ауыр хәлде, 7 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0