https://sputnik.kz/20220326/nur-sultan-mas-zhurgizushi-qylmystyq-is-23756853.html
Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Полицейлер тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Сонымен қатар 2020 жылы жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтаған 26.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-26T19:53+0500
2022-03-26T19:53+0500
2022-03-26T19:53+0500
мас жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі уақытта Герцен көшесінде 36 жастағы жүргізуші мінген "Ниссан Максима" автокөлігін тоқтатқан.Осы факті бойынша бұрын бірнеше рет сотталған тәртіп бұзушы полицияға жеткізілді. Аталған жүргізуші медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес "жеңіл дәрежедегі" масаң күйде болған.Ұсталған жүргізуші Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20211202/Mas-politsey-adam-18805946.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мас жүргізуші
Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Полицейлер тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Сонымен қатар 2020 жылы жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтаған
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері түнгі уақытта Герцен көшесінде 36 жастағы жүргізуші мінген "Ниссан Максима" автокөлігін тоқтатқан.
"Полицейлер тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрғанын байқаған. Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде 2020 жылдың ақпан айында сот шешімімен жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша бұрын бірнеше рет сотталған тәртіп бұзушы полицияға жеткізілді. Аталған жүргізуші медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес "жеңіл дәрежедегі" масаң күйде болған.
Ұсталған жүргізуші Нұр-Сұлтан полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.