28 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелерге маскасыз кіруге болады

© AFP 2024 / CHRISTOF STACHEҚорғаныс маскасы
Қорғаныс маскасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Ақорда президент резиденциясының аумағына Ashyq қосымшасы арқылы кіру талабы сақталады
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Дүйсенбі, 28 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелерге маскасыз және Ashyq қосымшасын пайдаланбастан кіруге болады. Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы медициналық орталығының бас мемлекеттік санитар дәрігері қаулыға қол қойды.
"Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы медициналық орталығының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің осы жылдың 25 наурызындағы қаулысына сәйкес азаматтарға мемлекеттік маңызы бар ғимараттарға ASHYQ қосымшасын пайдаланбай және ғимарат ішінде маска тақпай кіруге рұқсат беріледі. Ақорда ғимаратына ғана ASHYQ қосымшасы арқылы кіру талабы сақталады", - деп жазылған хабарламада.
Алайда адам көп шоғырланған орындарда маска тағуға кеңес беріледі.
Осы қаулы 2022 жылдың 28 наурызынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін медициналық мекемелерден басқа орындарда бетперде тақпауға рұқсат берілген.
көшедегі адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2022
Қоғам
Қазақстанда маска кию талабы алынып тасталды
Жаңалықтар
0