Елорда тынысы

Елорда полицейлері жаңа форма киді

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайтыНұр-Сұлтан полицейлері жаңа форма киді
Нұр-Сұлтан полицейлері жаңа форма киді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Полицейлерге арналған киім үлгісін барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жаңа форма киді.
Жаңа киімге көшуге байланысты елорда полиция департаменті патрульдік полиция полкінің плацында департамент бастығы Марат Төлебаевтың қатысуымен жеке құрамның сап түзеу салтанаты өтті, деп хабарлады Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларына арналған жаңа үлгідегі киімді әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі.
Полицейлерге арналған киім үлгісін әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оларға барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Жаңа киім дизайны және конструкциясы бойынша патрульдік полиция және сыртқы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімдер болып топтастырылған.
Учаскелік полиция инспекторларына арналған жекелеген нысанды киім әзірленген.
Жетондар, эмблемалар, жұлдыздар және кокардалар тоқыма маталарға ауыстырылған.
Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген, бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады.
Іс-шара барысында басшылық қызметкерлердің дайындығын және нысанды киіммен қамтамасыз етілуін тексерді.
"Жаңа нысанды киім бұрынғысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ең бастысы қызмет атқаруға өте ыңғайлы және жайлы. Учаскелік полиция инспекторы халыққа, қоғамға қызмет етеді, халықпен тығыз жұмыс істейді, құқық бұзушылықты анықтаумен және оның алдын алумен айналысады. Сондай-ақ, қылмыскерді ұстауға қатысады. Ол үшін тиісті киім болуы керек. Жаңа киім осыған сәйкес келеді", – дейді "Сарыарқа" ауданы ПБ №66 УПП учаскелік полиция инспекторы Нұрдәулет Таңатаров.
Жаңалықтар
0