Ақтауда жолда үлкен шұңқыр пайда болды – видео

© "Актау-Лада"Ақтауда жолда үлкен шұңқыр пайда болды
Ақтауда жолда үлкен шұңқыр пайда болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2022
Жазылу
Оқиға болған жерге қоршаулар орнатылды, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Ақтаудағы шағын аудандардың бірінде асфальт опырылып түсті.
Үлкен шұңқырды жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алған.
Ол 21-ші шағын аудандағы "Строитель" гараж-құрылыс кооперативі жанындағы доңғалақ жөндеу сервисінің жанында пайда болған. Видео 26 наурызда түсірілген, деп хабарлады "Ақтау-Лада".
Бұл жағдайға "КЖСА" директорының орынбасары Ислям Үсенов түсініктеме берді.
"Ол жерде кәріз коллекторы жарылып, салдарынан асфальт опырылып түсті. Қазіргі уақытта периметр бойынша қоршаулар орнатылды. Жөндеу жүргіземіз", - деп уәде берді Ислям Үсенов.
Оның айтуынша, жолдың бір бөлігінің опырылуы салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0