https://sputnik.kz/20220326/almaty-tashkent-poyyz-23749091.html
Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынай бастайды
Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынай бастайды
Sputnik Қазақстан
Өзбек тарапы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы хабарлады 26.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-26T08:14+0500
2022-03-26T08:14+0500
2022-03-26T09:47+0500
алматы
ташкент
пойыз
https://sputnik.kz/img/400/61/4006116_0:0:3505:1972_1920x0_80_0_0_9df384276dc4fa4d9d207d4cf7a99d22.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Халықаралық бағыттағы алғашқы жолаушылар пойызы биыл 1 сәуірден бастап Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағдары бойынша қатынай бастайды.2022 жылдың 2 мамырынан бастап аптасына үш рет Алматы-2 - Ташкент - Алматы-2 ("Тальго-Тұлпар") №1/2 тұрақты жүрдек пойызы ұйымдастырылады, деп хабарлады "Узбекистон темир йуллари" АҚ."Қазақстан темір жолы" ұлттық тасымалдаушысымен тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген.Бұл пойыз Ташкенттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбіде жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.Билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларында сатып алуға болады.Еске салсақ, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекарадан жаяу өткізу пунктері арқылы еркін өте алады.Екі ел қалалары арасындағы тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр.
алматы
ташкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/400/61/4006116_0:0:3115:2336_1920x0_80_0_0_fc57dba143878eaec640c24bf3a687e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы ташкент пойыз поезд нукус бейнеу нүкіс билет
алматы ташкент пойыз поезд нукус бейнеу нүкіс билет
Алматы мен Ташкент арасында пойыз қатынай бастайды
08:14 26.03.2022 (жаңартылды: 09:47 26.03.2022) Өзбек тарапы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Халықаралық бағыттағы алғашқы жолаушылар пойызы биыл 1 сәуірден бастап Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағдары бойынша қатынай бастайды.
2022 жылдың 2 мамырынан бастап аптасына үш рет Алматы-2 - Ташкент - Алматы-2 ("Тальго-Тұлпар") №1/2 тұрақты жүрдек пойызы ұйымдастырылады, деп хабарлады "Узбекистон темир йуллари" АҚ.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық тасымалдаушысымен тиісті уағдаластыққа қол жеткізілген.
Бұл пойыз Ташкенттен сейсенбі, бейсенбі және жексенбіде жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға - дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері қатынайды.
Билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларында сатып алуға болады.
Еске салсақ, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекарадан жаяу өткізу пунктері арқылы еркін өте алады.
"16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстанмен шекарасындағы өткізу пунктері арқылы барлық адамның жүруіне уақытша шектеулер алынып тасталады", - деп хабарлады Өзбекстанның көлік министрлігінде.
Екі ел қалалары арасындағы тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр.