Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневҚар тазалау
Қар тазалау - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Батыс пен солтүстікте жауын-шашын жауады
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде елдің батысы мен солтүстігінде жауын-шашын болады деген болжам жасады.

"Скандинав аудандарынан келетін циклон, республиканың батыс және солтүстік өңірлеріне ауысады. Ал оңтүстік және орталық аудандар оңтүстік циклон ықпалында қалады. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын алып келеді", - делінген ақпаратта.

Елдің солтүстігі мен батысында оған қоса боран, оңтүстігінде жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
28 наурызда елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді.
Солтүстікте: түнгі температура 5...15 аязға дейін, күндіз 5 градус аяз...3 градус жылыға дейін болады.
Оңтүстікте: түнде 6 градус аяз...5 градус жылы аралығында, күндіз 12...17-ден плюс 5...10 дейін төмендейді.
Батыста: түнде 5 аяз...5 жылы, күндіз термометр бағаны 0...10 градус жылыны көрсетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада сенбіде күндіз -2, түнде 6 градус салқын. 27 наурызда да шамамен осындай ауа райы, қар жауады. 28 наурызда күндіз 2, түнде 5 градус нөлден төмен.
Алматыда 26 наурызда күндіз +14, түнде +8 градус. Жексенбіде күндіз 10, түнде 5 градус нөлден жоғары, жаңбыр жауады. 28 наурызда күндіз +11 градус, күн ашық.
Шымкентте сенбіде күн бұлтты, аздаған жауын-шашын жауады. Күндіз +12, түнде плюс 8 градус. 27 наурызда күн ашық, плюс 11 градус. Дүйсенбіде 14 градус нөлден жоғары.
Жаңалықтар
0