Өңірлер

Шамалған ауылында ер адам өлген итті көлігіне байлап сүйреген

© Photo : СС0 / Adina VoicuИт, архивтегі сурет
Ит, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2022
Жазылу
Алматы облысында үй жануарын қорлаудың кезекті фактісі тексеріліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алматы облысында полицейлер иттің өлексесін көлігіне байлап сүйреген 56 жастағы ауыл тұрғынын ұстады.
Жануарға қатігездік танытқан сәт түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазба авторы оқиға Алматы маңындағы Шамалған кентінде болғанын айтқан.
Алматы облысының полициясы бұл фактіні тексеруге кірісті. Құқық қорғау ведомствосы видео 24 наурызда Шамалғанда түсірілгенін растады.
"Toyota 4Runner" көлігінің жүргізушісі 56 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары оны ұстап, Қарасай аудандық полициясына жеткізді.
"Ер адам иттің өлексесі жолда жатқанын және көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін айтты. Сол себепті ол өлген итті елді мекен шетіне, адам жүрмейтін жерге сүйреп апарып тастамақ болған. Қазір ұсталған адамның жауабы тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ер адамға қатысты соңғы процессуалды шешім тексеріс нәтижесі бойынша қабылданады.
Собака выглядывает сквозь отверстие в ограде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Қоғам
Итті азаптағандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді
Жаңалықтар
0